104
Отбасы ғылымхалы
Бұдан басқа хазіреті Омар әйелін талақ етіп, баласы
Асымды өз жанына алып қалғысы келеді. Баласы жылап
болмаған соң оны анасының жанында қалдырып, хазіреті
Әбу Бәкірге келеді. Хазіреті Әбу Бәкір:
«Ананың мәпелеуі,
құшағына алуы және иісі баланың тәрбиелік тұрғысынан
сенің жаныңда қалудан әлдеқайда пайдалы. Бала өскенде
қалауын өзі жасайды»,
174
–дейді.
Әйелдің діннен шығуы яки жезөкшелік, ұрлық жасауы
сияқты баланы тәрбиелеуге және оның қорғалуына кедергі
жасайтын жағдайда күтім мен тәрбие жауапкерлігі оның
қолынан алынады. Баланың әкесінен басқа кісімен тұрмыс
құруы да анасының қамқорлық құқығын жоғалтады.
Екінші:
Әже. Анасы болмауы не анасының
қамқорлыққа лайық болмаған жағдайда қамқорлық
құқығы ананың анасына өтеді. Сосын ханафилер және
шафиғилардың жаңа көзқарасы бойынша, әкенің анасы-
на өтеді. Одан кейін әкенің әкесінің анасы, одан кейін
атасының әкесінің анасы қамқорлық құқына иелік етеді.
Маликилерде әкенің анасы нағашы әпке және әкесінің
қарындасынан кейін келеді
175
.
Үшінші:
Қыз бауырлар. Ана яки әжеден кейін ба-
ланы қамқорлыққа алатын ешкім болмаса кезек туған
қыз бауырына келеді. Сосын анасының бір қыз бауыры-
на, одан кейін әкесінің бір қыз бауырына кезек келеді.
Шафиғиларда болса, бұл жерде әкесінің бір қыз бауырына
бірінші кезек келеді. Одан кейін осы бауырларының кезе-
гіне қарай өз қыздары қамқорлық құқына иелік етеді.
Басым көпшілігі қыз бауырларының әкесінің
қарындастары және нағашы әпкелерінің алдына шығуы
174
Зуһәйли, а.а.е. 7/720.
175
Сонда.