Previous Page  107 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 360 Next Page
Page Background

107

Отбасы бөлімі

болуы шарт емес. Сондықтан да әһлі кітаптан бір әйелге

үйленген мұсылман еркектің баласының қамқорлық

құқығын шешесі ала алады. Дәлел – сүннет. Бірде бір

баланың ата-анасы ажырасады. Әкесі – мұсылман, ал

шешесі – мүшрік еді. Сонда Әз пайғамбар ата-анасын

таңдауды баланың өз еркіне қалдырады. Бірақ баланың

анасына бұрылғанын көріп:

«Аллаһым! Бұл баланы тура

жолға сал және оның көңілін әкесіне қарай бұр»

деп дұға

етеді

177

.

Ханафилерге қарай балаға қамқорлық құқығына ие

болған анасының не басқа кәпір әйелдің қасында жеті

жасына дейін яғни діндер арасындағы айырмашылықты

ұғынатын және әйел оған өз дінін үйретіп яки шіркеуге

апаратын не шарап ішкізіп доңыз етін жегізетін уақытқа

дейін бірге тұруына болады. Бұдан кейін қамқорлық

құқығы қолынан алынып, басқа мұсылманға беріледі.

Мәликилерде болса, бала қамқорлық құқығы біткен-

ге дейін кәпірдің қасында бола алады. Бірақ Исламның

тыйым салған шарап, доңыз еті секілді харамдардан

сақтану жағдайлары жасалуы қажет.

Қамқорлық етуге құқық иесі ер кісі болса, онда оның

мұсылман болуы міндетті.

Маликилерде болса, ер кісінің әйел тәрізді мұсылман

болуы шарт емес, өйткені ер кісі қамқорлық құқығын не-

гізінде оның әйелі, анасы, әпкесі яки немере әпкесі сияқты

жақындарының жәрдемімен жүргізеді.

Қамқорлық құқығының тоқтатылуы

Бірінші:

Баланы алған адам күтімін жасау үшін

әкесінің тұрған жерінен шалғай бір жерге әкетуі. Баланы

әкететін жер туралы түрлі пікір бар. Мысалы, ажырасқан

177

Ибн Мәжә, Ахкам, 22; Тирмизи, Ахкам, 21.