109
Отбасы бөлімі
нәпақа тауып беруге міндетті. Ал «байын» талақпен ажы-
расып ғиддат күтіп отырған кезде баласын емізсе емізу
ақысын сұрауына болатынын айттық.
Ғиддат мерзімі біткен кезде ана баланың емізуі және
күтімі үшін ақы талап ете алады. Бірақ ана балаға сүт
емізуді яки күтімін Аллаһ ризалығы үшін ақысыз істей
алады. Мұндай жағдайда әке баланың күтім шығынын
нәпақа беріп өтей алады. Өйткені әйел ғиддат біткеннен
кейін баланың әкесінен нәпақа сұрауға құқылы емес
179
.
Ажырасқан кісілердің баланы көру құқығы
Бала ананың күтімінде болса баланы күнде әкесі көре
алатын бір жерге апарады. Ананың қамқорлық құқығының
тоқтатылуы яки қамқорлық құқығының бітуі секілді бір
себеппен бала әкесінің жанында болса, анасының да оны
күнде көруге ақысы бар.
Мәликилердің көзқарасына қарай зиярат тұрғысында
ханафилар сияқты. Шафиғилар балиғат жасынан кейін
қыз бала әкесін таңдаса әкесі оны анасына барып тұруға
тыйым сала алады. Бұл шара қыз баланың көшеге көп
шығуына кедергі жасау және оны қорғау мақсатымен
болмақ. Ана жасы мен тәжірибесі бойынша қызын емін-
еркін зиярат ете алады. Егер бала балиғат жасына толма-
са анасына күнде апару мүмкіндігі жасалады. Туыстық
қарым‑қатынас үзілмеу қажет
180
.
Қамқорлық мерзімінің тоқтауы
Ер бала ішіп-жеу, киім кие білу, тазалық жасай алу
істерін өзі атқара алатын жағдайға келгенге дейін, алды-
179
Ибн Абидин. Рәддул-мухтар, Египет. 2/876.
180
Х. Дөндүрен, а.а.е. 332-бет.