106
Отбасы ғылымхалы
1. Еркек пен әйелде қаралған ортақ ерекшеліктер.
Бірінші:
Кәмелетке толуы. Балиғатқа жетпеген бала
қамқорлық құқығын иелене алмайды.
Екінші:
Ақыл-есі дұрыс болу. Ақыл-есі жарым яки
тентек қамқорлық құқығын иелене алмайды.
Маликилер бойынша, қамқорлық иесі саналы болуы
тиіс, себебі мал‑мүлкі мен дүниесін оңды-солды шашып,
ысырап жасаған арсыз адам балаға қамқорлық ете ал-
майды. Сонымен қатар маликилер мен ханбалилерде,
қамқоршыда жұқпалы ауру болмауы тиіс.
Үшінші:
Балаға қарауға күшінің жетуі. Кәрілік,
науқас және жұмыстары көп болса, онда қамқоршы бола
алмайды. Ісімен қатар күші жетсе, күтушісі болса, онда
рұқсат.
Төртінші:
Мінез-құлқының дұрыс болуы. Балаға
дұрыс тәрбие беруге күмәні бар адам қамқорлық құқығын
иелене алмайды. Пасық яки зинақор немесе харам
ойындарға батқан адамдар балаға қарай алмайды.
Ибн Абидин: «Ананың қамқорлық құқығына кедергі
жасайтын пасықтығы баланың бұзылуына сеп», – дей-
ді. Сондықтан ана сыртқа жаман әдебімен танылса да
баланың мұны ұға алатын жасқа келмесе қамқорлық ету
құқығы жалғасады. Бала осы жаман әдепті ұғатын жасқа
келгенде оның тәрбиесінің бұзылмауы мақсатымен бала
қолынан алынады да, одан кейінгі қамқорлық құқығына
лайық адамға беріледі.
Бесінші:
Мұсылман болуы. Шафиғи және ханбалилар,
бұл тұрғыда ешқандай бөліп-жармай екі жақтың кәпірлігі
мұсылманға қамқорлық иесі бола алмайтындығын айтады.
Бала дін жағынан бұзылуы мүмкін.
Ханафи және мәликилер қамқорлық құқығына лайық
әйел ол баланың анасы, яки басқа кісі болса да мұсылман