101
Отбасы бөлімі
Сүт жағынан туыстар бір-біріне бөтен болмайды.
Бір-бірлеріне еркін қарай алады, бірақ сүт анасы мен сүт
бауырларына мирасқор бола алмайды. Сондай-ақ, сүт ана
да сүт баласынан нәпақа сұрай алмайды. Әрі мирасқоры
бола алмайды.
Сондай-ақ, емген баланың сүт анасының күйеуі де
әлгі балаға сүт әкесі болып табылады. Сүт әкесі өлсе де,
әйелінен ажырасса да әлгі балаға сүт әке болып қала береді.
Сүт емген баласы да сүт әкесінің ұрпағы мен туыстарына
үйлене алмайды, яғни сүт әкеге тиесілі барлық балалар
әлгі сүт емген баланың сүт бауырлары болады
168
.
Тақуаның әңгімесі...
Усама ибн Зәйд былай дейді: «Аллаһ елшісінің неме-
ресі Мұхсиннің науқасы артқан кезде хазіреті Фатима
Пайғамбарымызға хабар бергізіп үйіне шақырды. Хақ ел-
шісі жанына бірнеше сахабаларды ертіп келді. Пайғамбар
қызын жұбатып: «Аллаһтың бергені де, алғаны да Аллаһ
Тағаланың өзіне тиесілі. Әрбір тірі жанның бір өмірі бар.
Сабырлы бол! Сауабыңды Аллаһтан күт!»,- деді. Сосын
немересін алдырып құшағына басты. Мұхсиннің жүрегінің
қатты соғып жатқанын естігендей болдым. Оның жағдайын
көрген Аллаһ елшісі көз жастарына ие бола алмады. Сол
кезде бір сахаба: «Пайғамбарым! Сіз де жылайсыз ба?»,-
деп қалды. Сол сәтте Аллаһ елшісі жауап қайырып: «Аллаһ
Тағала рақымшыл құлдарына ғана рақым етеді»,- деді».
Хадана
Араб тіліндегі «хадана» сөзі баланы қарамағына алу,
оны тәрбиелеу мағынасына келеді. Фиқһ терминінде – ба-
ланы бағып-қағуға құқы бар адамның оны жанына алып
тәрбиелеуі деген сөз. Хадананың мақсаты – жасының кіші
168
Ибн Қудамә, әл-Муғни, 6/572. Египет, 1970. Зуһайли, 7/710-716.