97
Отбасы бөлімі
Әке әйелімен бір тұрып жатқан мезгілде, яки «рижиғ»
(айну) яғни бірінші немесе екінші ажырасудан кейін ар-
найы «ғиддат» мезгілін күтіп отырған әйеліне өз баласын
емізгені үшін ақы беруге мәжбүр емес, мұндай жағдайда
баланың әкесі әйеліне нәпақа міндетін жалғастырады.
«Байын» (анық) яғни үшінші талақ жағдайында болса
күйеуі әйелін «ғиддат» мерзімін күтіп отырған кезінде
емізуге мәжбүр ете алмайды. Ханафилердің мықты бір
көзқарасына қарай мұндай жағдайда ана емізу ақысын
сұрай алады. Оған мынадай аят дәлел:
«Олар өзіңнен
болған балаларыңды емізетін болса, оларға ақыларын
беріңдер».
159
Бұл аят ажырасқан әйелдер үшін түскен.
Ал, Мәликилерде әйелдің маңызды бір үзірі болмаса
тұрмыс құрып тұрған кезде яки «рижиғ» (алғашқы екі
талақ) талақтан кейін «ғиддат» күтіп тұрған әйелін бала-
сын емізуге мәжбүр ете алады. Олар:
«әйелдер балаларын
екі жыл емізеді»
деген аяттың парызды білдіретінін айта-
ды, бірақ әйелдер бай не ақсүйек бір отбасынан болса емі-
зуге мәжбүр ете алмайды. Бұл жерде дәлел «маслахатқа»
қатысты әдет‑ғұрып. Басқа жағынан да «байын» талақ
арқылы ажырасқан әйел үшін баласын емізу уәжіп бол-
майды. Дәлеліміз – бұндай жағдайда әйелдің емізуге ақы
сұрай алу аяты
160
.
Міне, осының бәріне зер сала қарасақ, Ислам жаңа
туған балаға белгілі бір уақытқа дейін ана сүтін емуіне
үлкен маңыз берген. Өз анасын қандай да бір жағдаймен
еме алмайтын болмаса, басқа бір сүт ананы емуін артық
санаған.
159
«Талақ» сүресі, 6-аят.
160
Касани, а.а.е. 4/40; Зуһайл, а.а.е.