Previous Page  93 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 360 Next Page
Page Background

93

Отбасы бөлімі

Б.

Растаған адамның ақыл‑есі дұрыс (тәмиз) болуы

керек. Көптеген ғұламалар сонымен қатар балиғат жасына

жетуі тиіс дегенді қосады.

В.

Ата-тегінің үшінші бір адамға телінбеуі қажет.

Мысалы, бір адам «бұл менің бауырым» деп біреуді рас-

тауы негізінде сол адамның ата-тегін өз әкесіне тиесілі ет-

кен болып саналады. Оның өзге туыстары қарсы шығатын

болса, онда осы растауы өзіне ғана қатысты болады.

Әбу Ханифа бойынша, бір адам «Бұл – менің ба-

уырым» деп, ата-тегін өзгеге, яғни әкесіне теліген кез-

де әкесінің өзі растауы не осы растауының дұрыстығын

айқындылық «бәйинә» жолымен дәлелдеуіне егер әкесі

бұрын өліп кеткен болса мирасқорларынан екі адамның

осы растауды мақұлдауы шарт. Егер тану осы жолдардың

бірімен қуатталмаса, онда бұл тану өзіне ғана қатысты

болып қалады. Мысалы, ата-тегін таныған бала жарлы

болса, күтімін өз мойнына алып, әкесінен қалған мирасқа

ортақ болады.

3.

Бәйинә (айқын) арқылы дәлелдеу.

Бәйинә арқылы дәлелдеу танудан әлде қайда

қуатты, өйткені бәйинә – дәлелдердің ең күштісі.

Айқындылық саналған дәлелдер мыналар. Әбу

Ханифа мен Мұхаммедке қарай, екі ер кісі яки

бір ер кісі мен екі әйел. Мәликилерге қарай екі

ер кісі. Куәлік етіп көру не естуге сүйенуі қажет.

Тікелей көру мен есітуге сүйенбесе, онда куәлік

жасауға болмайды, өйткені хазіреті Пайғамбар

бір куәгерге:

«Күнді көріп тұрсың ба?»,

– деп

сұрағанда әлгі адам

«иә»

деп жауап береді. Аллаһ

елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

сонда:

«дәл осылай көрген