89
Отбасы бөлімі
зинадан туған баланың тегін еркекпен байланыстыруды
қабыл етпеген. Сондықтан бала анасының некесі әу баста
қиылған ер кісіге тиесілі болады, бірақ тегінің әкесіне
қатысты болуы үшін мынадай шарттар қажет.
А.
Ер кісінің әке бола алатындай ерекшелігі болуы.
Үйленген ер кісі балиғат жасында болуы қажет.
Балиғат жасына жетпеген адамда тектік қатынас болмай-
ды.
Ә.
Үйлену мен босану арасында аз дегенде алты айдың
өтуі.
Ең қысқа жүктілік мерзімі – алты ай. Аятта: ً
وَحَمْلُهُ وَفِصَالُهُ ثَلَثُونَ شَهْر
«Баланың ана құрсағында көтеруі мен сүттен
ажыратуының жалпы мерзімі отыз
ай»
145
деп айты-
лады. Басқа аятта: ِ
وَفِصَالُهُ فِي عَامَيْن
«Баланың сүттен ажырауы да екі жылға
жалғасқан»
146
.
Тағы бір аятта: ِ
وَالْوَالِدَاتُ يُرْضِعْنَ أَوْلَدَهُنّ حَوْلَيْنِ كَامِلَيْن
«Аналар балаларын толық екі жыл емізеді»
деп
айтылған
147
.
Осы екінші, үшінші аяттарда екі жылды есептеп
қарағанда, босанудың ең қысқа мерзімі – алты ай болып
шығады. Халифа Османға алты айда босанған бір әйелді
145
«Ахқаф» сүресі, 15.
146
«Лұқпан» сүресі, 14.
147
«Бақара» сүресі, 233.