Previous Page  84 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 84 / 360 Next Page
Page Background

84

Отбасы ғылымхалы

Ал, ер мен әйелдердің теңіз не көл жағалауында әурет

жерлерін ашып шомылулары Ислам дінінің сеніміне де,

құлшылығына да мүлде қарама-қайшы нәрсе. Мұндай

жерлерден рақым періштелері алыстап, ібіліс пен оның

серіктері сол жерді мекендеп алатыны даусыз

138

. Цунами

секілді кейбір теңіз жағалауларындағы қасіреттер осының

белгісі.

Тақуаның әңгімесі...

Бір мұсылман елінде бірнеше жігіт жастайынан мед-

реседе бірге оқып, кейін мешіттерде имам болып қызмет

атқарады. Арада жылдар өтіп бір күні біреуі науқастанып

хал үстінде жатады. Имам достары жиналып, қасында оты-

рып, тілін кәлимаға келтірсін деп кәлиманы қайталайды. Бұл

уақытта әлгі науқастың есі кіресілі-шығасылы еді. Кенеттен

әлгі науқас жастықтан басын жұлып алып, қолын созып

сөреде тұрған Құранды көрсетіп, оған күпірлік сөз айтып

барып демі бітіп, жастыққа сұлқ құлай кетеді. Жанындағы

имам достары әлгіні қимай, іштей толқып жылауға шақ

қалып отырған болатын. Оның мына сөзінен кейін олар оған

емес, өздерін ойлап жылайды, өйткені өлген имам жиырма

бес жыл мешітте имамдық етіп, бес уақыт азан шақырған

кісі еді. Өмірін тұтастай мешітте өткізгенмен, өлерінде

Құранға тіл тигізіп, арғы жағалауға имансыз кеткен. Оның

мына халін көрген достары өздерінің де әлгінің кебін киюі

мүмкін екендігін ойлап жылайды. Иә, кімнің қандай болып

өлетіні, қалай қайта тірілетіні бір Аллаһқа ғана аян...

138

Ж. Уылдырым. Ислам фықһы. 4/220.