79
Халал мен харам
найтын болса» харам екендігін алайда, уақытын босқа
өткізіп ойнайтын болса онда мәкрүһ екендігін айтады.
Имам Мәлік болса: ُ
فَمَاذَا بَعْدَ الْحَقِّ إِلّ الضّلَل
«Хақтан кейін
артында тек адасқандық қалады»
134
деген аятқа қарай
нардының харамдығын айтады.
Имам Шафиғи да бұл ойынға жылы қабақ
танытпаған.
Кейбір ғалымдар нарды ойынын жұлдыздардан медет
тілеп жалқаулыққа салынуға апаратын болғандықтан ха-
рам екендігін айтады. Жаһилия заманында нарды ойыны
тікелей пұтқа табынушылардың пұттардан медет тілеу-
шілік ойыны болуы да мүмкін. Пайғамбарымыздың бұған
қатаң тыйым салуының да себебі пұт пен жұлдыздардан
көмек сұрау тұрғысынан болуы әбден мүмкін.
Сондай-ақ кейбір ғалымдар арасында қазіргі таңдағы
нардының Пайғамбар заманындағы нарды ойынынан
басқа дегендер де бар
135
.
Шахмат
Шахмат ойыны сахаба заманында жарыққа шыққаны
айтылады. Ханафи қайнар көздерінде шахмат ойынын нар-
ды ойынымен бірдей санап, бірдей үкім берген. Әсіресе
Әбу Жүсіп пен Имам Мұхаммед күн ұзаққа уақытын текке
өткізіп, Хақтан жырақтататын болғандықтан оған жылы
қабақ танытпаған.
Имам Мәлік пен Имам Ахмед те бұл ойын адам
уақытын босқа өткізіп, құлшылық етуде кертартпалыққа,
енжарлыққа апаратындықтан және намаздың өзінде
көңілін алаң ететіндіктен харам деп баға берген.
134
«Жүніс» сүресі, 32 аят.
135
ИСАМ, Илмихал, 121 бет.