Previous Page  81 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 360 Next Page
Page Background

81

Халал мен харам

Құмар ойыны

Ислам діні көптеген пайдалы ойындарды халал деп,

ал кез-келген құмар ойыны араласқан ойындарды харам

еткен.

Құранда Аллаһ Тағала:

َيَا أَيّهَا الّذِينَ آَمَنُوا إِنّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالَْنْصَابُ وَالَْزْلَمُ

رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلّكُمْ تُفْلِحُون

«Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар, тігілген

тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас және

шайтанның істерінен»

136

дейді. Сондықтан құмар ойыны

арақпен бірге айтылғандықтан арақтың бауыры болып

саналуда.

Бұл жерде құмар ойыны қазіргі кездегі карта ойыны

ғана емес, қандай ойын болсын егер соңында бір жағы

зиян шегетін болса онда ол ойын харам болмақ. Ақша,

мал, т.б тігіліп ойналатын барлық ойындар осы құмар

ойынына жатады. Егер асық екеш асықтың өзін ойнаған

шақта ортаға екі жақ ақша тігіп, жеңгені алады деп ой-

найтын болса, онда ол ойын да харам болмақ.

Ендеше қазіргі ұтыс ойыны да құмарға жата

ма

?

Ұ

тыс ойынының (лото) астары мынау: Бірнеше адам

не мың яки миллион адам жиналып ақшаларын бір жерге

жинайды. Сосын жеребе тасталып біреуі яки бірнешеуіне

нөмір дөп келіп, бүкіл жұрттың жинаған ақшасын солар

ғана жинап алады. Сондықтан бұл ойынның казинодан

ешқандай айырмашылығыжоқ. Көптеген адамдар маңдай

терін төгіп тапқан ақшасын отбасының нәпақасынан

136

«Маида» сүресі, 91 аят.