Previous Page  83 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 360 Next Page
Page Background

83

Халал мен харам

Моншаға түсудің әдептілігі мен үкімі

Ислам діні тазалыққа аса мән берген дін, сондықтан

монша туралы да үкімдер қойылған.

Алдымен моншаның жағдайы:

Бірінші:

Моншада жетерліктей су болуы қажет.

Екінші:

Моншаның іші-сыртын ластықтан таза ұстау

қажет. Тазалық сүннетке жатады. Адамдар түсерде мон-

ша лас болатын болса, онда монша иесі күнәкар болады.

Ондай моншаға мұсылманның кіруі мәкрүһке жатады.

Үшінші:

Моншаға кірген адам сол аяғымен кіріп,

зиянды нәрселерден Аллаһ Тағалаға сиынып кіреді.

Төртінші

: Ер кісілер мен әйел кісілердің бөлмелері

бір-бірінен бөлек болуы тиіс. Яғни әрқайсының есігі мүлде

басқа жақта болуы қажет. Кіріп шыққанда бір-бірлерін

көрмеулері керек.

Бесінші

: Ер кісілер де, әйел кісілер де бірнеше адам

болып моншаға түсетін болса, бір-бірлерінің әурет жер-

лерін көрмеулері қажет. Ер де, әйел де өз араларында сәтри

әурет жерлерін жабық ұстап шомылулары қажет. Сол үшін

әурет жерлерін арнайы орағышпен орап жүрулері шарт.

Ер кісілердің де, әйел кісілердің де өз ара әурет жерлерін

көрулері харамға жатады. Ер адам ерлер моншасында

әурет жерін ашып шомылатын болса күнәкар болады. Сол

себепті Ислам дінінде моншада тыр жалаңаш шомылған

адам әділдігін жоғалтып алғандықтан оның куәлігі қабыл

етілмейді. Өз жынысының алдында шомылып одан кейін

арнайы жабық жерде әурет жерлерін жууы қажет.

Алтыншы:

Егер бір кісі жалғыз өзі шомылғанда

жалаңаштанса, харам болмаса да мәкрүһке жатады.

Оның әурет жерін жауып шомылуы сүннетке жатады.

Жалаңаштанған жағдайда да құбылаға қарап тұрмауы

қажет.