82
Отбасы ғылымхалы
жырып, осы ұтыс ойындарына құйып жатады. Бұл дәл
казино ойынындай болмаса да, соған қатты ұқсастығы
бар. Бұл жердегі ұтушы кездейсоқтық қана.
Сондай-ақ, қазіргі кезде бір адам көлігіне ақша
тігіп ұтыс ойындарын ойнатып жатады. Бұл да құмар
ойындарының қатарына кіреді.
Аллаһ Тағаланың құмар ойынды харам етуінде
көптеген хикметтер бар. Олардың кейбірі:
1. Мұсылманның өмірі мен табысы кездейсоқ бақытқа
емес, маңдайының тері арқылы болуы керек.
2. Өзгенің мал-мүлкі, дүниесі харам. Оны алудың
жолы ауыстыру не сыйлық т.б әр түрлі адал жолдар
арқылы болуы тиіс. Ал, құмар – әділетсіз жол.
3. Жоғалтқан адам бергеніне разыдай көрінгенмен
іштей өкініп, ұтқан адамды іштей қызғанып, көре
алмайтыны айқын.
4. Ұтылған адам ұтудың жолын іздеп, ал ұтқан адам
қайтадан ұтуға тырысып ақыр соңында ойнамаса
тұра алмайтын науқасқа шалдығады.
5. Құмар ойын мұсылманның құлшылығына қатты
кедергі жасайды.
6. Құмар ойын зиянын тек ойнаған адамға ғана тигіз-
бейді. Сонымен қатар қоғамға да кері әсер етіп
көп ұзамай ел арасында жұмыс істемейтін құмар
ойынға берілгендердің көбейюіне себеп бола-
ды
137
.
137
Хайрәддин Караман. Халаллер мен харамлар. 132 бет. Станбул,
2008.