77
Халал мен харам
хадистер бар
126
. Алайда, Пайғамбарымыз оқ ату жарысын-
да тірі жануарды көздеуге тыйым салған
127
.
Ат жарыс.
Ат жарысына Пайғамбарымыздың әрқашан
ынталандырып, жарыстан жеңгендерге сый-сияпат беріп,
көбінесе өзі де қатысқан спорт түрінің бірі
128
. Сондай-
ақ, Пайғамбарымыз спорттың жүзу түріне де үмбетін
қызықтырған. Пайғамбарымыз осы спорт түрлерінде
адамға да, жануарға да қиыншылық көрсетуге тыйым
салған.
Көкпар тартудың үкімі қандай?
Көкпар тарту – атамыз қазақта ертеден бері келе
жатқан ат үстіндегі жарыстардың бір түрі. Қазақ халқы
елін қорғайтын сарбазға лайық жігіттерді осы көкпар
тарту арқылы жігерлендіріп күшейткен-шынықтырған,
сондықтан қазақтың ғұламаларынан бұл ойынға рұқсат бер-
гені аңғарылады. Жарыстан жеңгендерге Пайғамбарымыз
секілді сый-сияпаттар беріп ынталандырған, бірақ қазақ
халқы еш уақытта мейлі осы көкпар жарысында, мей-
лі ат жарысында болсын ақша, мал тігіп ойнауға рұқсат
бермеген. Додаға түсіп жеңгенге, оза шапқанға шапан
жауып, бәйге берген, ал сырттай ақша тігіп, жеңгені тігіл-
ген ақшаны алуға Ислам дінінде рұқсат жоқ. Бұл тіке-
лей құмар ойын болып саналып, бұған Құранда тыйым
салынған
129
. Сонымен қатар аттарға да зорлық-зомбылық
көрсетпеуі тиіс.
Пайғамбарымыздың тыйым салуы бойынша, көкпар
ойынында да көкпаршылар бір-біріне қиыншылық тудыр-
мауы және әділ болуы шарт.
126
Қараңыз; Бухари, Жиһад, 78; Муслим.
127
Қараңыз; Бухари, Зәбәих, 25.
128
Нәсәи, Хайл, 16; Тирмизи, Жиһад, 22.
129
Қараңыз; «Маида» сүресі, 90-91 аяттар.