73
Халал мен харам
мінезден жұрдай етіп діннен бездіретін барлық музыка
харам.
Екінші:
ْ
أَفَمِنْ هَذَا الْحَدِيثِ تَعْجَبُونَ. وَتَضْحَكُونَ وَلَ تَبْكُونَ. وَأَنْتُم
سَامِدُونَ
«Сендерді мәңгілік бақытқа шақырған бұл сөзге
(Құранға) қарап жылаудың орнына келеке етіп күліп
таңырқап тұрсыңдар ма? Өмірлеріңді ойын-сауықпен
өткізудесіңдер».
115
Осы аяттағы «самидун» (ойын-сауық) сөзін Ибн
Аббас «ән» деп тәпсірлеген. Бірақ Имам Ғазали бұл аятта
жалпы әнге тыйым салып тұрмағанын айтады. Егер бұл
аятта жалпы әнге тыйым салынған деп ұқсақ онда аяттағы
күлуді де харам деп ұғынуымыз қажет. Сондықтан күлу
– жайшылықта харам емес. Бірақ осы аятта айтылғандай
егер біреулер Құранды келеке етіп күлсе онда оның
осы күлгені – харам. Ендеше Құранды келеке етіп күлу
қандай харам болса, Құранға тіл тигізген ән мен әуен
де, өлең де харам. Айтқандай-ақ, Құранда: ُ
َ وَالشّعَرَاءُ يَتّبِعُهُم
الْغَاوُون
«Ақындарға азғындар ғана ереді»
116
деген аяттың
меңзгегені – Құранға қарсы шығып, өлең жазып, елді дін-
нен алыстатуға тырысқан ақын-шайырлар. Әйтпесе бұл
аятқа қарап өлең харам деуге болмайды
117
. Пайғамбар
(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)
кезінде сахаба ақындар болған.
Үшінші:
«Үмбетімнің арасынан әйелдің жыныс
мүшесін (зинаны), жібекті, арақты және музыка аспап-
тарын халал санайтын топтар шығады»,
118
– деген хадис.
Музыканың жаппай харам екендігін алға тартқан ғалымдар
осы хадисті ең мықты дәлел ретінде көрсеткен.
115
«Нәжім» сүресі, 53/59-61.
116
«Шұғара» сүресі, 224 аят.
117
Ихия; Ибн Қайюм, Иғасәтул-ләһфән.
118
Бухари, Әшрибә, 6.