Previous Page  74 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 74 / 360 Next Page
Page Background

74

Отбасы ғылымхалы

Бұл хадистегі «музыка аспаптарын» кейбір ғалымдар

«қолмен емес, ауызбен үрленетін аспаптар» деп жора-

малдаса, кейбір ғалымдар «зиянды музыкалар» деп

тұжырымдаған. Оған дәлел ретінде «әйелдің жыныс

мүшесі» мен «жібектің» жалпылай харам еместігі жұртқа

мәлім. Бұл хадистегі әйел жынысының харамдығы – не-

кесі қиылмаған ер кісіге қатысты. Сондай-ақ, жібек те ер

кісіге – харам, әйелге – халал.

Расында егер біз аталмыш хадиске сырттай қарап ті-

келей баға беріп «барлық музыка харам» дейтін болсақ,

тығырыққа тірелеміз. Мысалы, Бухаридегі басқа хадисте

Пайғамбарымыздың

(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)

даңғара шалып,

соғыста қаза тапқан әкелерін жоқтап отырған кішкентай

қыздармен бірге отырғаны айтылады

119

.

Сондай-ақ, бір

хадисте хазіреті Әбу Бәкір қызы Айшаның үйіне кірген-

де сол бөлмеде екі күңнің ән айтып отырғанын көріп:

«Пайғамбардың

(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)

үйінде шайтанның

сырнайын тартқандарың қалай?»

деп ашу шақырғанда

Аллаһ елшісі:

«Әбу Бәкір! Оларға тиіспе! Бүгін айт күні

ғой»

деп басу айтады

120

. Мәлики ғалымы Ибнул Араби

да осы хадисті дәлел етіп көрсетіп: «егер ән мен әуез ха-

рам болғанда Аллаһ елшісінің

(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)

үйінде

айтылмайтын еді», – дейді. Бухаридағы басқа бір хадис-

те

«Ол (Айша) бір қызды Ансарлық біреуге ұзатқан еді.

Пайғамбарымыз

(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)

оған: «Айша! Сендерде

көңіл көтеретін нәрсе болмады ма? Ансарлықтар көңіл

көтергенді ұнататын халық»,

121

дейді.

Ендеше ғұлама Ибн Хазмның сөзімен айтқанда амал-

дар ниеттерге қарай өлшенеді. Бір мұсылманның бір бақты

119

Бухари, 4-том.

120

Ибн Мәжә, Никах, 21.

121

Бухари, 5 том.