Previous Page  69 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 360 Next Page
Page Background

69

Халал мен харам

сақтауда тиянақтылық танытты»,

110

– дейді. Және бұған

сол заманның христиандарын да қосу қажет. Ендеше су-

рет пен мүсін салудағы тыйымның негізгі себебі, бұларға

табыну жолдарын жабу әдістері деп айтуға болады. Ислам

діні – тәухид діні. Кеше ғана пұтқа табынған арабтар-

ды Хақ пайғамбар мүлде ескі қылықтарынан айыру үшін

мүсін мен суреттерге тыйым салуды жөн санаған. Бұған

ұқсас жағдай шарапқа тыйым салынған кезде де болған.

Ішімдік тыйым салынған кезде Хақ пайғамбар сахабаларға

тек шарапқа арналған «дубба», «накир» секілді ыдыстар-

ды пайдалануға да тыйым салады. Осылайша бұрынғы

әдеттерін мүлде еске түсірмеуге жол салды. Ендеше су-

рет пен мүсінді де осылай шіріктен арылтып тәухидтің

шыңына жеткізу жолындағы әдіс деп айтуға болады.

Ғалымдар хазіреті Сүлеймен пайғамбар дінде сурет-

ке рұқсат еткенін айтады. Құранда:

«Олар Сүлейменнің

қалауынша құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар

және орнатылған қазандар жасайтын еді»,

– деп айты-

лады. Сүлеймен пайғамбардың шариғаты басқа, дегенмен

рұқсат берілуінің бір сыры ол кезде ел арасында тәухидтің

мықтылығынан болса керек.

Кейбір ғалымдар сурет туралы тыйым Исламның

әуелгі жылдары қатты қорқытылып айтылса, кейіннен сол

қорқыныш пен қатаң ескертудің бірте-бірте бәсеңсігенін

айтады. Өйткені тәухид жеткен сахабалардың сурет пен

мүсінге қарап ескілікті аңсауы мүмкін емес.

Бұған қуыршақ тәрізді бүлдіршіндерге арналған

мүсіндердің салынуына рұқсат бергенін де назарға

алсақ негізгі мәселе пұтқа табынудан алшақтату екені

аңғарылады. Егер сурет пен мүсін мүлде харам дегенде

ойыншақтар да харам болар еді.

110

Ибнул Араби, Ахкамул-Қуран.