66
Отбасы ғылымхалы
10.Хазіреті Айшаның балалық шағында қуыршағы
және ат түріндегі ойыншықтары бар еді.
Хазіреті Пайғамбар осы ойыншықтарды көріп,
күлімсірейді
103
.
11.Бірде Ибн Аббасқа бір суретші келіп: «Мен мына
суреттерді салып күн көріп жүрмін. Осыған бай-
ланысты маған пәтуасын бер», – дейді. Ибн Аббас
әлгі адамды өзіне жақындатып қолын оның ба-
сына қойып: «Қара! Мен саған Аллаһ елшісінен
естіген мына бір хадисті жеткізейін. Аллаһ елшісі
(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Әрбір сурет салған тозақтық.
Аллаһ салған суретіне жан бергенге дейін оған
азап береді. Жан беруі де әсте мүмкін емес»
де-
ген. Әлгі адам мына сөзді есітіп не істерін білмей
қатты сасқанда Ибн Аббас: «Егер сен өнеріңді
жалғастырғың келсе, ағаш пен жансыз нәрселердің
суретін сал»,
104
– дейді.
12.Бірде хазіреті Жебірейіл Пайғамбардан үйіне кіру
үшін рұқсат сұрайды. Аллаһ елшісі рұқсат берген-
мен Жебірейіл ішке кірмей:
«Ішінде ат пен адам
суреттері бар перде ілулі тұрған үйге мен қалай
кірейін? Мына суреттердің бастарын жұл яки бұл
пердені жерге жай. Біз періштелер ішінде суреті
бар үйге кірмейміз»,
105
– дейді.
Атақты хадис ғалымы және Ханафи мәзһабының
мәшһүр фиқһ ғұламасы Тахауи осы хадисті жеткізген
соң «Бұл хадистің тіке мағынасынан басы жұлынған
жанды нәрсенің суреті мүбаһ екені аңғарылады. Ендеше
103
Әбу Даууд, Әдәб, 62.
104
Бухари, Бую, 104; Муслим, Либас, 99.
105
Тахауи, Мәанил-әсәр.