63
Халал мен харам
Алайда құрамында спирті бар әтір яки басқа да спирт
араласқан сұйық заттар денеге не болмаса киімге тисе
намазға кедергі жасамайды. Өйткені бұлардың ішілуі ха-
рам болғанымен ішуден басқа жерде пайдалануға бола-
ды. Мысалы, ине салдырғанда дәрігерлер міндетті түрде
спиртті пайдаланады. Тіпті ине салдырған соң «намазға
кедергі келтіреді» деп спирт тиген денені жуудың қажеті
де жоқ. Оның үстіне дәрігерлер кез-келген спирттің тез
арада ұшып кететін айтады. Ендеше құрамында спирті бар
әтір тәрізді сұйық заттардың денеге немесе киімге тиюі
құлшылыққа кедергі келтірмейді.
Сурет пен мүсіннің үкімі
Сурет араб тілінен енген сөз. «Бітім, түр-түс, көрінісі
дегенге саяды. Сурет салудың харамдығы тікелей Құранда
жоқ. Бұл туралы үкімдер хадис те ғана бар. Ендеше сурет
салуға деген тыйымды сүннеттен екендігін растап оның
тыйым салу себептеріне назар салайық.
Суретке тыйым салуға қатысты мәшһүр хадистерді
тізбектейтін болсақ:
1. Хазіреті Айшаның жеткізген бір хадисінде Аллаһ
елшісі
(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)
үйінде «салиб» (крест)
салынған барлық нәрсені сындырғандығы айты-
лады
94
.
2.
«Қиямет күнінде ең ауыр азапқа душар болатын-
дар – суретшілер».
95
3.
«Мына суреттерді жасағандарға қиямет күнінде;
«жаратқандарыңа жан беріңдер» деп азап
беріледі».
96
94
Бухари, Либас, 89.
95
Бухари, Либас, 89.
96
Сол жерде.