58
Отбасы ғылымхалы
де шашын қысқартқанын немесе тақырлап алынғанына
қарай Ислам ғалымдары сақал жайында білдірген
көзқарасындай пікір білдірген. Олар Пайғамбардың шаш
қоюын әдет-ғұрыптық бір іс-әрекет және тұлғалық таңдау
ретінде санаған. Сол себепті фиқһта мұсылмандардың
Пайғамбарға бағыну ретінде шаштарын ұзарту керектігі
міндет деген ешқандай сөз жоқ.
Шаш қойған адам сол шашының күтімін жасау ке-
рек. Пайғамбарымыз
«Кімде-кімнің шашы болса, оны
күтіп қадірлеп ұстасын»,
85
– дейді. Кейбір хадисте
Пайғамбарымыз шаш өсіріп бірақ қарамай ұйпа-тұйпасы
шығып жүрген адамды
«шайтан секілді басындағы шаш-
тары ұйпа-тұйпа»,
86
– деген ескертулер айтқан.
Шашты бояуға Пайғамбарымыз рұқсат еткен. Ер кісі
шашын әр түрлі бояумен бояғанмен қара түске бояуға
келгенде ғалымдар арасында «болады», «болмайды» де-
ген екі түрлі көзқарас бар. Бұған мысал ретінде мына екі
хадисті келтіре кетелік.
Хазіреті Жабир жеткізеді: «Әбу Куһафәны «Фатих»
күні Аллаһ елшісінің алдына алып келеді. Шашы көбіктей
аппақ еді. Пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Мынаны
әйелдерінің біріне алып барыңдар. (шашының түрін)
өзгертсін. Бірақ қараға бояудан аулақ болыңдар»
дей-
ді. Басқа бір хадисте Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«(Ағарған шаш пен сақалдарды бояуда) пайдаланған
ең жақсы бояу сөзсіз мына қара. (Өйткені қара бояу)
әйелдеріңді өздеріңе қатты тартады. Жауларыңның
жүрегіне қорқыныш ұялатуға да абзал»,
–
дейді.
Екі хадис бір-біріне қарама-қайшы. Бұған қатысты
басқа да рияуаттар бар. Осыған қатысты хадистердің
85
Әбу Дәууд, Тәрәжжул, 3.
86
Қараңыз; Муатта, Шаар, 7.