Previous Page  55 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 360 Next Page
Page Background

55

Халал мен харам

Әйелге келсек оның табиғаты сәнденуге әбден лайық.

Әрқашан еркекке – жігіттік, әйелге – әсемдік жарасады.

Шаш, сақал және мұрт қоюдың үкімі

Құран мұсылмандарға бірліктен айырылмай біртұтас

болуын және мүшріктермен, кәпірлермен дос болмай,

тіпті олардың мәдениетінің әсерінен аулақ болуды на-

сихаттаса, хазіреті Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

да

үмбетін сенім және мінез-құлық тұрғысынан және киім-

кию, жүріп-тұру жағынан да мүшріктерге ұқсамауға

ынталандырған.

Пайғамбар заманында яһудей мен христиандардың

егде кісілері ағарған шаштары мен сақалдарын боямайтын.

Ақырғы пайғамбар қарт сахабаларға оларға ұқсамасын

деп шаш пен сақалдарын бояуды насихаттаған

78

. Сонымен

қатар мүшрік пен мәжусилерге ұқсамас үшін мұрттарын

қысқартып, сақалдарын ұзартуға әмір беріп насихат айтқан.

Мысалы Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Мұрттарыңды

қысқартыңдар, сақалдарыңды ұзартыңдар»

79

,

«мұрттарыңды қырқыңдар, сақалдардыңды ұзартып,

мәжусилерге қарсы келіңдер»

80

, «Мүшріктерге

қарама-қайшылық танытып сақалдарыңды көбейтіп,

мұрттарыңды кесіңдер»

81

, «мұртын қысқартпаған бізден

емес»

82

деп насихаттаған.

Ғалымдар осы хадистерге сүйене отырып діни

көріністе сақал қойып, мұртты алу Исламның әмірі мен

рәмізі болғаны, не болмағаны туралы түрлі көзқарастар

78

Бухари, әл-Әнбия, 50; Муслим, Либас.

79

Бухари, Либас, 64.

80

Муслим, Тахарат, 16.

81

Муслим, Тахарат, 16.

82

Бухари, Либас, 63-65; Тирмизи, Әдәб, 6.