Previous Page  57 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 360 Next Page
Page Background

57

Халал мен харам

«Аллаһ елшісі сақалының ені мен ұзындығына қарай

алатын еді»,

84

– дейді. Ғалымдар сақалдың өлшемі туралы

түрлі көзқарас білдірген. Имам Мәлік сақалдың өте ұзарып

кетуін мәкрүһ санаған. Кейбір ғалымдар бір тұтамды жет-

кілікті санап артығын кесуге үкім берген.

Сақалдың бір тұтам болуы туралы көзқарас хазіреті

Омарға тиесілі. Бірде ол сақалын тым ұзартқан бір

адамның сақалын ұстап, ескертіп, артынан бір адамға әмір

етіп «бір тұтамынан артығын кес» деп, – кестіреді. Сосын

әлгі адамға қарап «бар да шашыңды түзет!», – деп әмір

етеді де: «Неге кейбір адамдар өз-өзіне қарамай, жыртқыш

аңдар тәрізді өздерін жөнсіз қоя береді», – дейді.

Ғалымдардың кейбірі осыған орай сақалдың шегінің

болуы керектігін оған күтім жасап түзеуінің қажеттілігін

айтады. Өйткені күтімсіз сақал адамды жаман көрсетеді.

Негізінде сақалдың ұзындығы туралы сүннеттен нақты

бір дәлел жоқ. Ғалымдар әдемілікті назарға алып осылай

үкім берген.

Мұрт қоюға келсек хадистерде мұрттардың

қысқартылуы, кесілуі яки қыруына қатысты әмірлер

бар. Сахабалар арасында мұрттарын қысқартқандары

да, қырғандары да бар. Ғалымдар мұрттың тереңірек

қырқылуын және жоғарғы еріннің көрінетіндей асты-

нан алынуын насихаттайды. Имам Нәуәуи Муслимнің

шәрхында (түсініктеме) «Адам түгелдей аламын десе де

аздап өсіремін десе өзі біледі», – дейді. Әбу Дәуудтың

Сунән кітабында да Муғира ибн Шубә: «Мұртым өте ұзын

болатын. Мисуактан артық жерін Пайғамбарымыз кесті»,

– дейді. Тирмизидің бір хадисінде:

Хазіреті Пайғамбарымыздың

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

әдетте

шаштарын иықтарына түсетіндей етіп қойғанын, кейде

84

Тирмизи, Әдәб, 17.