Previous Page  56 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 56 / 360 Next Page
Page Background

56

Отбасы ғылымхалы

айтқан. Әрі сақал қырудың харамдығы туралы да әр түрлі

пікірлер айтқан. Бірақ ғұламалардың басым көпшілігінің

көзқарасы бойынша сақал қыруды харам деп санаған.

Шафиғилардан Ғазали, Рафий, Нәуәуи және Мәликилерден

Қади Ияз секілді ғалымдар болса, сақал қыруды харам

емес, мәкрүһ деген пікір білдірген.

Сақал қырудың харам екенін айтқан ғалымдар

жоғарыдағы айтылған хадистердегі әмірлерді діни әмір

ретінде түсініп, Хақ пайғамбар мен сахабалардың сақал

қойғандарын да осылай жорамалдаған. Бұған қосымша

ретінде Құранда Пайғамбарымызға бағынуды әмір еткен

аяттардың барлық тақырыпта болғанындай, осы сақал қою

тақырыбында да оған бағынуды ұсынғанын және сақал

қою мұсылманның рәмізі екенін айтады.

Мәликилер мен Ханбалилер сақал қыруды харам

деп қабылдаған. Ал Ханафилерде кейбір ғалымдар

тахримән мәкрүһ деп пікір білдірсе көптеген ғалымдар

соған қатысты хадистерді негізге алып сүннет ретінде

қабылдаған. Мысалы, Әбу Дәуудтің хадистерін тал-

дап түсініктеме жазған Хаттаби хазіреті Пайғамбардың

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

он нәрсенің адам жаратылысының

табиғатынан екенін айтып сақал қоюды да осылардың ара-

сына жатқызған хадисінің түсініктемесінде ғалымдардың

көбісінің бұл жердегі хадисте айтылған «табиғатты» (фы-

трат) «сүннет» мағынасында дегенін жазады. Жалғасында

да осы ерекшеліктердің солардың ішінде әсіресе сақал

қоюды да біздің іске асыруымыз қажеттігін және оның

хазіреті Пайғамбардың

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

сүннеттерінен

екендігін айтады

83

. Кейінгі ғалымдар арасында әдетке

жатқызғандар да кездеседі.

83

Мәалимус-сунән. 1/44.