60
Отбасы ғылымхалы
«Қаза
′
ның» тілдік мағынасы «бұлт бөлігі» дегенге сая-
ды. Яғни баланың басындағы алынбаған шаштары бұлттай
көрініп тұратындықтан, бұған – «қаза
′
» деген. Ендеше
хадис баланың шашын алғанда кейбір жерін қалдырып
кетуге тыйым салған. Әбу Дәуудтан алынған бір хадис-
те Аллаһ елшісі осындай бір баланы көріп қалып:
«Не
толықтай алыңдар, не болмаса тиіспеңдер»,
– дейді.
Ибн Хажар бұл мәселенің тек балаға ғана қатысты
екендігіне қосылмайды. Үлкендер де әйел, не ерлер
де болуы мүмкін деп мұндай шаш алу түрін мәкрүһке
жатқызады. Пайғамбарымыздың бұған тыйым салу се-
бебіне ғалымдар әр түрлі көзқарас білдірген.
Әйелдердің шаш мәселесін айта кетер болсақ олар
шаштарын ерлердің шаштарына ұқсамайтындай деңгейде
қысқартуына болады. Сондықтан қажылық кезінде әйелдер
шаштарының ұшын ғана қырқады. Ал әйелдердің шаш-
тарын тұтастай сыпырып тақырлап алуына болмайды.
Өйткені хазіреті Әлі:
«Аллаһ елшісі
(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)
әйелдердің шаштарын тақырлап алуға тыйым салды»,
89
–дейді. Бірақ әрине науқас секілді зәру жағдайларда
тақырлап алуына тура келсе, оның жөні мүлде басқа.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз
(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)
әйелдерге парик тағуға да:
«Аллаһ кигенге де, кигізгенге
де лағынет етсін»,
–
деп тыйым салған
90
.
Ғұламалар парик киюдің харамдығын бір ауыздан
растаған. Бірақ кейбір ғалымдар жүн, жібек және мата
секілді шаштан бөлек нәрседен жасалған нәрсені киюді
харам деп қабыл етпеген
91
. Сондықтан бұл жердегі харам
89
Нәсәи, Зинәт, 4; Тирмизи, Хаж, 74.
90
Бухари, Либас, 83; Муслим, Либас, 115.
91
Ибн Хажар.