Previous Page  64 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 360 Next Page
Page Background

64

Отбасы ғылымхалы

4. Хазіреті Айшадан жеткен бір хадисте Айша бірде

бетінде жануар суреті бар бір көпшік алады. Хақ

пайғамбар оны көрген кезде есіктен кірмей сырт-

та тұрып қалады. Хазіреті Айша Аллаһ елшісінің

көңілі бұзылып тұрғанын көріп: «Пайғамбарым!

Аллаһтан және Елшісінен кешірім тілеймін.

Қандай да бір қателік жасап қойдым ба?», – деп

сұрайды. Аллаһ елшісі сонда бетінде жануардың

суреті бар көпшікті көрсетіп:

«Мына көпшік бұл

жерде қайдан жүр?»,

деп сұрайды. Айша:

«Пайғамбарым! Оны қаласаңыз жерге төсеп оты-

рарсыз, қаласаңыз жастанарсыз деп сіз үшін са-

тып алған едім», – деп жауап береді. Аллаһ елшісі

(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)

:

فَقَالَ رَسُولُ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ إِنّ أَصْحَابَ هَذِهِ الصّوَرِ

ُيُعَذّبُونَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَيُقَالُ لَهُمْ أَحْيُوا مَا خَلَقْتُمْ وَقَالَ إِنّ الْبَيْتَ

الّذِي فِيهِ الصّوَرُ لَ تَدْخُلُهُ الْمَلَئِكَة

«Осы суреттерді салғандарға қиямет күнінде азап

көрсетіліп, «Қанекей, жасаған мына суреттеріңе

жан бітіріңдер» деп айтылады. Ішінде суреттері

бар үйге періштелер кірмейді»

97

дейді.

5. «Періштелер ішінде ит пен суреті бар үйге

кірмейді»

98

.

6.

«Періштелер ішінде суреті бар үйге кірмейді.

Мата бетіндегі ою мен нақыш бұдан белек».

99

97

Бухари, Либас, 95. Сондай-ақ хадистің шәрхы үшін қараңыз; Ибн

Хажар, Фәтхул-бәри.

98

Бухари, Либас, 88.

99

Бухари, Либас, 92.