Previous Page  70 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 360 Next Page
Page Background

70

Отбасы ғылымхалы

Сөз қорытындысы, ғалымдар ағаш, тау, тас секіл-

ді жансыз суреттерді айқын, ал адам денесінің су-

ретін толық және айқын көрінбейтіндей етіп салуда

мүбаһтық бар екенін айтады.

Мұсылманның мақсұты – мақшарда Пайғамбардың

шапағатына бөлену, жаннатқа бару, Хақ Тағаланың

ризалығын алу. Ендеше суретке құмартқан мұсылман

баласы пәтуамен қатар суретке қатысты аталмыш хадис-

терді ескеріп жүруі тақуалықтың абзалы. Дұрысын бір

Аллаһ біледі.

Музыканың үкімі

Әуез бен әннің үкімі Ислам ғұламаларының арасында

көп айтылып, әр түрлі пікірлер білдірілген. Кейбірі харам

деп кейбір аяттардан дәлел келтірсе, кейбір ғұламалар оған

қарсылық білдіріп дәлел келтірген аяттың оған қатысы

жоқтығын айтып тұжырым жасаған.

Атап айтқанда, Әбу Ханифа ән айтуды мәкрүһ

және күнә санаған. Кейінгі Ханафи ғалымдары Әбу

Ханифаның «мәкрүһ» дегенін «харамға жақын мәкрүһ»

деп тұжырымдаған. Тіпті мәзһабтар арасында әуез бен ән

туралы өткір өткір пікір білдіріп кейбір музыкалық аспап-

тарды пайдалану харам деп үкім айтқан. Алайда Ханбали

фиқһ ғалымдарының бірі Ибнул-Қайюм Ханафилердің бұл

тұрғыдағы хадисінің сахих еместігін алға тартады

111

.

Имам Мәлік те әуезге оң қабақ танытпағанымен не-

гізінде ән мен әуезге өзгелерге қарағанда ең жылы шырай

танытқан мәдиналық ғалым екені білінеді

112

.

111

Қараңыз; Касани, Бәдәи; Ибн Қайюм, Иғасәтул-ләһфән.

112

Илмиһал, ИСАМ, 107 бет.