65
Халал мен харам
7. Хазіреті Айша ауыз үйінің жоғарғы жағына сурет-
тері бар бір перде іліп қояды. Хазіреті пайғамбар
сапардан қайтқан кезде оны көріп:
«Қиямет
күнінде ең ауыр азапқа ұшырайтындар Аллаһтың
жаратуына ұқсауға тырысқандар»
дейді. Хазіреті
Айша осыдан кейін әлгі пердеден бір – екі жастық
етіп тіккенін айтады
100
.
8. Хазіреті Айшаның бетінде суреттері бар бір пердесі
бар еді. Оны бөлмесінің бір шетіне іледі. Хазіреті
Пайғамбар мұны көрісімен оған:
«Мына пердені
алдымнан алып таста. Бетіндегі суреттер на-
мазда тұрғанда қайта-қайта көріне береді»,
101
–
дейді.
Мейлі осы Бухаридағы хадисте, я болмаса осыған
ұқсас Нәсәидің хадисінде алдында сурет болғаны
үшін оқыған намазын қайта оқыды деген мәлімет
жоқ. Сондықтан ғалымдар үйде сурет ілу – мәкрүһке
жатып, намаздың дұрыстығына кедергі келтірмей-
тінін айтады. Бұл жердегі сурет намазда тұрған
адамның көңілін басқаға аударатын болғандықтан
жақсы саналмай тұр.
9. Хазіреті Айшаның (р.анһа) бетінде құстың суреті
бар бір пердесі бар еді. Оны ең алдымен үйге кір-
ген адамның көзі түсетін жеріне іліп қойған бола-
тын. Хазіреті Пайғамбар
(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)
оны
көрісімен: «Айша! Мына перденің орнын өзгерт.
Үйге кірісімен оны көріп дүниені еске түсіремін»,
102
– дейді.
100
Бухари, Либас, 92.
101
Бухари, Либас, 93.
102
Муслим, Либас, 88.