61
Халал мен харам
болған парик тікелей адамның шашынан жасалған парикке
айтылады.
Әтір және соған ұқсас сұйық заттардың үкімі
Әбу Ханифа бойынша, Құранда айтылған «хамр» сөзі
жүзімнен жасалған шарапқа қатысты атау. Ал қалған мас
қылатын (мускир) нәрселерді осыған (қияс) салыстыра оты-
рып «харам» деп қабылдаған. Пайғамбарымыздың
(саллалаһу
аләйһи уә сәлләм)
«Әрбір мас қылатын нәрсе харам»
92
деген ха-
дисі де осы салыстырудың дұрыстығын растауда. Әрі
«Көбі харам ететін нәрсенің азы да харам»
93
деген хадис
те осыны көрсетеді.
Жүзімнен жасалғаншарап «хамр» деген сөзбен беріліп,
Құран аяттарымен айқын харам екенін айтқан. Сондықтан
оның бір тамшысының өзі харам. Бұдан басқа мас қылатын
спирттік заттардың ішілуі (қияс) аятпен салыстырылып
және хадис арқылы харам. Бірақ олар айқын ласқа жатпай-
ды. Өйткені олардың ластығы туралы Құранда жоқ. Олай
болса жүзімнен жасалған нәрсе айқын лас нәрсе және ішуі
айқын харам. Оны теріске шығару күпірлікке жатады. Ал
қалған спирттік заттарға келсек олардың ішілуі харам
болғанымен тікелей ластыққа жатпайды. Тиген жерлерін
лас етпейді. Бұл – Әбу Ханифаның көзқарасы. Ендеше
спирт Әбу Ханифаның ижтиһадына қарай лас нәрсе емес.
Тек ішуі шараппен тең харам.
Имам Шафиғи мен серіктері болса, Құрандағы
«хамр» сөзін тек жүзімнен жасалған шарап емес барлық
мас қылатын нәрселердің атауы деп жорамалдаған. Бұл
тұрғыдан жүзімнен жасалған шараппен қатар барлық
92
Муслим, Ханбәл.
93
Ханбәл, Тирмизи, Әбу Дәууд.