Previous Page  59 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 360 Next Page
Page Background

59

Халал мен харам

бәрін назарға алып таразыға тартқан ғалымдардың ба-

сым көпшілігі шаш пен сақалды қараға бояуды мәкрүһ

деп үкім берген. Тіпті кейбірлері бұл жердегі мәкрүһтың

«тахримән» (харамға жақын) мәкрүһ екендігін айтады.

Ал кейбір ғалымдар болса, қараға бояу тек жауға қарсы

шапқанда ғана болады деп пәтуа берген. Ал әйелдерге

келсек оларға қарамен бояуына болады. Бірақ әрине ора-

мал тартпай ел алдында шашын бояп ашық жүргендер

орамалдан бөлек күнә табады.

Шаштағы ақтардың жұлынуына келсек, Пайғам-

барымыз бұған тыйым салған. Аллаһ елшісі:

«Шаштағы

ақтарды жұлмаңдар. Өйткені бір адам мұсылман болып

тұрып бір тал шашы ағарса, бұл қиямет күні ол үшін

сөзсіз бір нұр болады»,

87

– дейді.

Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

шашты бояуға

рұқсат бергенмен жұлуға рұқсат бермеген. Муслимнің

бір хабарында Әнәс ибн Мәлік:

«Біз кісінің шаш пен

сақалындағы ақ қылдарын жұлуды мәкрүһ санайтын

едік»,

– дейді.

Сондай-ақ баланың шашын алғанда оны тұтастай алуы

қажет. Нафи Ибн Омардың

«Аллаһ елшісі «қаза′ға» (яғни

баланың шашының бір бөлігін алу) тыйым салды»

деген

сөзін жеткізгенде адамдардар

«Қаза′»

деген сөзді қалай

түсінеміз?» деп сұрайды. Сонда ол: «Адам баласының

шашын алып бірақ мына жерлерін алмай тастап кетеді»

деп жауап береді. Ол мына жерлер деп маңдайын және

екі самайын көрсетті

88

.

87

Әбу Дәууд, Тәрәжжул 17; Тирмизи, Әдәб, 56; Нәсәи, Зинәт, 13; Ибн

Мәжә, Әдәб, 25; Муслим, Фәдаил, 100.

88

Бухари, Либас, 72; Муслим, Либас, 113; Әбу Дәууд, Тәрәжжул, 14;

Нәсәи, Зинәт, 5; Ибну Мәжә, Либас, 38.