54
Отбасы ғылымхалы
Шафиғи: «Жүзіктің ұясын алтыннан жасау ер кісіге ха-
рам», – дейді. Сондай-ақ ерітілсе де таза болмай өзге шикі
заттармен араласқан күміс пен алтынды кейбір құралдарға
пайдалануға болады.
Сонымен қатар Әбу Ханифа күміспен әшекейленген
ыдыстан су ішуге, дәрет алуға және күміспен әшекейленген
ер-тоқымға отыруға болатынын айтады. Һәм Ханафи
мәзһабына қарай күнделікті істерде пайдаланбау шарты-
мен үй ішінде әшекей мақсатымен алтын мен күмістен
заттарды қойып қоюға болады.
Жақұт, інжу-маржан, бақыр, мыс, агат, хрусталь, т.б
осы секілді әр түрлі асыл тастардан жасалған ыдыстар-
ды пайдалануға болады. Өйткені бұлар алтын мен күміс
мағынасына келмейді. Оның үстіне Пайғамбарымыз
(аләйһис-
саләту уәс-сәләм)
мыс ыдыспен дәрет алған
77
.
Аллаһ елшісінің алтын мен күмісті ерлерге харам етуі
мен әйелдерге халал етуінің хикметтері бар. Оның кейбірі
төмендегіше:
1. Алтын мен күміс әсіресе ғасырлар бойы алтын ақша
болып экономикада үлкен рөл атқарған. Бұларды
ерлердің әшекей ретінде пайдалануы экономикаға
кері әсерін тигізеді.
2. Бұларды әшекей бұйым етіп қоғамнан тыс
қалтарыста қалдырып қоюы елдің қазына
қаржысына үлкен залалын тигізеді.
3. Ер кісінің табиғаты алтын мен жібекпен сәнденуге
лайық емес.
4. Үсті басын түгелдей алтынмен аптап, күміспен
күптеп ел алдында жүру қоғамдағы әділдікке кері
әсерін тигізіп, елді «бай» деп, «кедей» деп, екіге
жаруы мүмкін.
77
Бухари, Муслим.