Previous Page  49 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 360 Next Page
Page Background

49

Халал мен харам

Сөз соңында, осы үш мәселеге терең зер салсақ,

темекінің үкімі қандай екені өзінен-өзі біленеді деген

ойдамыз.

Насыбай мен қорқор туралы не дер едіңіз?

Насыбай да қорқор да темекіге ұқсас. Бүгінгі таңда

еліміздің денсаулық сақтау министрлігі де насыбайдың

табак пен әктен және басқа да зиянды нәрселерден жаса-

лып, оның адам ағзаларына зиян екендігін айтуда. Тіпті

бұл зияндылық рак секілді ауруларды тудыруға апараты-

нын айтады. Қорқорды да ғалымдар темекімен бір екен-

дігін ескерткен болса, онда бұл екеуінің де харам екендігі

айқындалады.

Жібек киім мен жібек матаны пайдалану

Ислам діні әр салада орта жолды ұстанғанындай киім

кию тұрғысынан да орта жолды көрсеткен. Құранда ар-

найы шеңберден шықпай әрекет ету, тапқан байлығын

ел-жұртқа көрсету үшін шашып төгуге жол бермеу

насихатталған. Хазіреті Пайғамбар

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

да

өмір бақи таза және қарапайым, әрі әсем киініп әрқашан

орта жолды сақтаған. Ислам діні киім киюде оны таңдауда

адамдардың еркіне маңызбен қарап тек кейбір тыйымдар

ғана қойған. Сондықтан да діннің киінуге қатысты шекте-

улері санаулы ғана болған. Осылардың бірі – жібек киімге

қатысты тыйым.

Аллаһ елшісі жібек киімді киюге әйелдерге ерік бер-

генмен ерлер үшін шектеулер қойған. Адам баласы алтын,

күміс, інжу-маржан, жібек секілді бағалы заттарға қатты

қызыққандықтан Құранда жаннат өмірін суреттегенде

осы заттарды жиі айтқан. Мысалы, «Кәһф» сүресінде:

«Міне бұлар үшін астарынан өзендер ағатын Ғадын