Previous Page  47 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 360 Next Page
Page Background

47

Халал мен харам

зерттеуінше, өкпе рагы ауруларының 90 пайызы темекі

тартатындардың үлесіне тиеді екен. Әлемде әр 13 секунд

сайын бір адам, әр 65 секунтда бес адам темекі кесірі-

нен көз жұмады. Жылына үш миллион адам темекіден

пайда болған кеселдердің нәтижесін қайтыс болатын

көрінеді

61

.

Өкпе рагы сырқатының 90 пайызы осыдан пайда бо-

латын болса және онымен қоймай жылына жер бетінде-

гі Аллаһ Тағаланың ардақты етіп жаратқан пендесінің

үш миллионын жалмайтын болса, мұндай тажалдың

зияндылығын, жай зиян емес, «Дәжжәлдің қылышы» деп

әбден атауға болмай ма?! Ендеше темекіні сіз қалайша

«мүбаһ», яки «мәкрүһ» деп айта аласыз? Егер бұған

мәкрүһ деп баға беретін болсаңыз басқаға не деп пәтуа

айта аласыз? Әрі темекі шеккен адам өзіне ғана емес

жанындағыларға да зиянын тигізеді. Әрі көпшілік орта-

сында бір адам шылым шеккенде оның иісі зиян берсе,

барлық адамға кісі ақысы өтеді. Әрі өзі шеккенімен қоймай

өзгеге, әсіресе, жас ұрпаққа үйретіп жарнамалағаны үшін

өзімен қоймай солардың бәрініңде күнәсін арқалайды.

Соның кесірінен кейінгі ұрпақ жаппай темекі шегіп

миллиондаған адам өліп, қоғам құлдырайды. Құранда

кімде-кім бір адамды жазықсыз өлтірсе, жер бетіндегі

барлық адамды өлтіргенмен бірдей деген қағида бар.

Ендеше, бір емес өзінің миллиондаған ұрпағының өліміне

себеп болғандар ақыретте сөзсіз есепке тартылып, Хақ

Тағаланың құзырында жауап беріп, солардың күнәсін жүз

еселеп өздеріне артады.

Әрі ақыр соңында темекенің кесірінен сырқаттанып

өлген адам өз-өзіне қол жұмсап өлгенмен тең. Құранда:

61

Бұл туралы кеңірек мәілімет үшін қараңыз; Қайрат Жолдыбайұлы,

Дін мен Діл. 90-93 беттер. Алматы. 2010.