Previous Page  48 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 360 Next Page
Page Background

48

Отбасы ғылымхалыِ

وَلَ تُلْقُوا بِأَيْدِيكُمْ إِلَى التّهْلُكَة

«Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермең-

дер»

62

, ْ

وَلَ تَقْتُلُوا أَنْفُسَكُم

«Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер»,

63

деп айтылған.

Кейбір улар бар, адамға бірден әсер етеді. Ал кейбір улар

болса, адамға көп уақыттан соң әсерін тигізеді. Ал енді

кім никотинді «у емес» деп айтуға дәті барады.

Сондықтан даМысырдағы «әл-Әзһар» университетінің

жанындағы «Пәтуә комитеті» 1979 жылында «темекі ха-

рам» деген үкім шығарған.

Екінші:

Ысырап: Құранда Аллаһ Тағала:َ

وَكُلُوا وَاشْرَبُوا وَلَ تُسْرِفُوا إِنّهُ لَ يُحِبّ الْمُسْرِفِين

«Жеңдер, ішіңдер. Бірақ ысырап етпеңдер»,

64

деп бұйырған. Аллаһ елшісі де үнемі үмбетін

ысырапшылдықтан сақтандырған. Ендеше темекіге кел-

сек ысырапшылдықтың негізін қалауға арқау болатын

нәрсенің бірі.

Үшінші:

Нәпақа жауапкершілігі: Отбасының асы-

раушысы Исламда ер кісі. Ол өзінің әйелі мен бала-

шағасының нәпақасын тауып беруге міндетті. Осындай

адам бала-шағасының нәпақасынан жырып, өз нәпсісінің

бас пайдасына пайдалануы дінде адамгершілік және мінез-

құлық тұрғысынан әдепсіздік жағдай болып табылады.

62

«Бақара» сүресі, 195.

63

«Ниса» сүресі, 29.

64

«Ағраф» сүресі, 31.