50
Отбасы ғылымхалы
жаннаттары бар. Олар онда алтыннан білезіктермен
безенеді. Олар жұқа әрі қалың жасыл жібектен киім-
дер киеді»,
65
– деп жаннат әлемі суреттеліп айтылған.
Ал бұл дүниеде жібек киімге қатысты тікелей айтылған
Құранда аяттар жоқ. Хадистерде ерлерге қатысты кейбір
тыйымдар қойған.
Жібекке қатысты хадистердің біразынан мысал кел-
тіруге болады.
1.ُ
ِ عَنْ النّبِيِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ فَقَالَ مَنْ لَبِسَ الْحَرِيرَ فِي الدّنْيَا فَلَنْ يَلْبَسَه
فِي الْخِرَة
«Жібекті жалғанда киген ақыретте кие
алмайды».
66
2. Хұзайфа деген сахаба Мәайын деген бір жерде
болған кезінде шөлдеп жергілікті халықтан су
сұрайды. Сонда сол жердің лауазымды бір адам
оған күміс ыдыспен су ұсынған кезде ол әлгі ыдыс-
ты лақтырып жіберіп «Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту
уәс-сәләм)
:
ِقَالَ رَسُولُ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ الذّهَبُ وَالْفِضّةُ وَالْحَرِيرُ
وَالدِّيبَاجُ هِيَ لَهُمْ فِي الدّنْيَا وَلَكُمْ فِي الْخِرَة
«Алтын, күміс, жібек және «дибаж» бұл дүниеде
олар үшін, ал ақыретте сендер үшін»
– деп айтқан»,
– дейді
67
.
65
«Кәһф» сүресі, 31 аят. Осыған қатысты басқа да сүрелердегі аяттар;
«Хаж» сүресі, 23; «Фатыр» сүресі, 33; «Дұхан» сүресі, 53; «Инсан»
сүресі, 12-31. «Кәһф» сүресі, 31 аят. Осыған қатысты басқа да
сүрелердегі аяттар; «Хаж» сүресі, 23; «Фатыр» сүресі, 33; «Дұхан»
сүресі, 53; «Инсан» сүресі, 12-31.
66
Бухари, Либас, 25; Муслим, Либас, 2; Тирмизи, Әдәб, 1.
67
Бухари, Либас, 25.