45
Халал мен харам
алақанды толтырар мөлшері де – харам»
59
деп айтыла-
ды.
Ендеше, қазіргі кездегі ғұламалардың бірі – Усама
Абдулкарим әр-Рифағи араб елдерінде шығарылатын ал-
когольсіз сыраның құрамын арнайы лабораторияға барып
тексерткенде оның құрамында 0,004 г спирттің бар екенін
анықтаған. Олай болса, бұл сыра да кәдуілгі сыраның бірі.
Сол себепті ол – харамға жатады.
Ал, квасқа келсек, егер ол шекер арқылы ашытылатын
болса, ішуге болмайды. Өйткені шекер арқылы құрамында
спирт пайда болады.
Темекінің үкімі
Исламның алғашқы үш кезеңінде темекі деген нәрсе
жоқ болатын. Ол алғаш рет XVI ғасырда пайда бола
бастаған. Темекі Ислам әлеміне әсер ете бастағанан бас-
тап бұл туралы әр ғасырдың мүштәһид ғұламалары өз
пікірлерін білдірген. Ендеше осылардың көзқарастарын
үшке бөліп қарауға болады.
Бірінші:
Алғашқы кездері темекінің қаншалықты
адам ағзасына зиянды екеніне қатысты мағлұматы аз
болған кейбір мүштәһидтер темекі туралы дінде нақты
ашық үкім болмағанын алға тартып, мүбаһ екендігін біл-
дірген.
Екінші:
Кейбір ғалымдар болса, темекі шегудің
жақсы еместігін алға тартқанмен, айқын дәлел болмаған
соң мәкрүһ деп үкім білдірген. Ислам әлемінде кейінгі
жылдарға дейін осы мәкрүһ үкімі кең тарап келді.
Үшінші:
Бұл топтағы ғалымдар темекінің денсаулыққа
зияндығын алға тартып және экономикалық тұрғыдан
59
Тирмизи. Сахих хадис.