Previous Page  44 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 360 Next Page
Page Background

44

Отбасы ғылымхалы

Ендеше, сіздің «алкогольсіз сыраңыз» да осыған

ұқсайды. Яғни сол сырада спирт болмағанмен, ішкен

адамды мас қылмағанмен бұл сыра түбінде өзінің тегіне

тартып, сізді еліне қарай жетелеуі мүмкін. Бүгін алкоголь-

сіз сыраны ішкен күні ертең кәдуілгі сыраны ішпесіне

кім кепіл? Әрі бір күні елімізде халал шарап, алкогольсіз

коньяк, халал шампан да шығуы мүмкін

56

.

Бұған «шайтанның адамға оң жағынан жақындауы»

деп айтылады. Шайтан бір мұсылманға келіп: «халал арақ-

шараптан, коньяктан іш, харамынан ішпе! Өйткені сен

тақуасың» дейді. Ал соны ішіп әбден үйреніп алған кезде

шайтан оған: «Заты бөлек болса да аты бірдей ғой. Енді

сенің таңдайтындай не қасиетің қалды» дейді.

Ал Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм):

«Кімде-кім

бір елге ұқсайтын болса, онда ол солардан болады»

дей-

ді. Ішімдік атаулы мұсылманға жат өзге дін өкілдерінің

ішімдігі. Һәм шайтанның айла тәсілінің қолтаңбасы. Атам

қазақтың «арақ – атаңнан қалған ас емес» дегені де сол.

Сондықтан алкогольсіз сыра адамды мас қылмаса да

шыққан тегіне қатысты «Сәд зара

и» қағидасы тұрғысынан

харамға жатады.

Әрі Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Көп мөлшері

мас қылатын ішімдіктің аз мөлшері де – харам»

57

дейді.

Сондықтан алкогольсіз сыраны спирттен кенде деп айта

алмайсыз. Басқа хадисте

: «Мас қылатын әрбір ішімдік

– харам. Фарақ

58

мөлшеріндегі мас қылатын ішімдіктің

56

Иә, бұл күндері кейбір мұсылман елінде дәл осындай ішімдік түрлері

жасала бастаған.

57

Тирмизи. Сахих хадис.

58

Фарақ дегенміз – 9,3 л.