39
Халал мен харам
Сондықтан тойдан бұрын сол ағайынмен амандық
сұрасып, «арақ – атадан қалған ас еместігін» білдіріп,
ата-бабасының ұстанған дінін насихаттаған жөн. Һәм бұл
күндері қазақ халқының басым көпшілігі тойды ішімдіксіз
өткізетін болған. Егер сол ағайын сізді түсінбей Советтің
«мирасынан» бас тартпаймын десе, сіз сабыр сақтап,
жылылық қалпыңызды бұзбай тойға атағаныңызды ал-
дын-ала беріп, шаңырағыңызға қайтқаныңыз жөн. «Тойға
қатыспасам ағайыннан ұят болады» деп Алладан ұялуды,
Алладан қорқуды ұмытуға болмас!
Сөзімді қытайдың бір ұйғыр жігітінің осыдан бір-екі
жыл бұрын басынан өткен әңгімесімен аяқтайын.
«Бірде қытайдың он жігіті мұсылман болды.
Жастары отыз-қырық шамасында еді. Бәрі де іскер,
бай-дәулетті еді. Содан көп өткен жоқ. Олар бір күні
маған: «Біз Меккеге барып Қағбаны, Мәдинаға барып
Пайғамбардың мешітін көргіміз келеді. Қанекей, жол
баста!», деді. Бәріміз бірге жолға шығып ұшаққа мін-
генде, мен оларға «Фатиха», «Ықылас» сүрелерін жат-
татып намазды үйрете бастадым. Олар Қағбаны алғаш
көргенде қатты қайран қалды. Бейне бір жылдар бойы
жете алмай сағыныштан көкірегі қарс айырылып жүрген
мұсылманша, Қағбаны құшақтап сүйіп, ұзақ жылады.
Олардың осы көз жастары Қағбаны тауап еткенде
де, намазға тұрғанда да, сәждеге жығылғанда да үдей
түспесе, кеміген жоқ. Оларға сол күнге дейін ұстаз болып
жол бастап барған мен, бірте-бірте олардың қасында
төмендеп, оларға шәкірт болып бара жаттым. Жүріс-
тұрыстары, құлшылықтары күннен-күнге салихалықтың
биігіне көтеріле бастады. Әсіресе, араларындағы біреуі
өзгелерден ерекше болды. Танымастай болып өзгерді.
Тура тумысынан Меккеде өскендей. Аздап әзілкеш бола-