Previous Page  37 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 360 Next Page
Page Background

37

Халал мен харам

саләту уәс-сәләм)

: ٌ

كُلّ شَرَابٍ أَسْكَرَ فَهُوَ حَرَام

«Әрбір мас қылатын нәрсе

харамға жатады»,

деп жауап берген.

Аз ғана ішіліп адамды мас қылмайтын болса онда

ішуге болады деп ешкім айта алмайды. Құранда ішімдік-

ті «лас» деп үкімін берген. Ендеше лас нәрсенің және

шайтанға жақындататын нәрсенің азын да ішуге болмай-

ды. Сол себепті Ислам дінінде көп мөлшері мас қылатын

нәрсенің азын да ішуге тыйым салған. Аллаһ елшісі

(аләйһис-

саләту уәс-сәләм)

:

«Көп мөлшері мас қылатын нәрсенің азы

да харам», «бір «фарақы»

49

мас қылатын нәрсенің бір

алақаны да харам»,

50

– деп харамдығын айтқан.

Сондай-ақ, геройн, наша т.б соған ұқсас нәрселердің

бәрі де «хамрдың» ұғымына жататындықтан олар да харам

тобына жатады.

Ішімдікпен емделудің харамдығы

Төрт мәзһаб имамдарының пәтуасына қарай ішімдіктің

кез-келген түрлерімен емделу және осы мақсатта (майда,

тағамда, бір дәріні ерітуде) пайдалану харам. Өйткені

Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Аллаһ сендерге харам

еткен нәрселерде шипа жаратқан емес»

51

,

– дейді. Бір

кісі Пайғамбарымызға «мен шарапты емдік мақсатта пай-

даланып жүрмін» дегенде, ол:

«Ол ем емес, керісінше

дерт»,

52

– деп жауап береді.

Ханафилерде егер шипа беретіні айқын білінетін бол-

са және оның орнына басқа бір дәрі болмайтын болса,

онда спирт қосылған, яки спирт арқылы ерітілген дәріні

пайдалануға болатыны айтылады. Бірақ, бұл әлбетте зәру

49

Фарақ; шамамен 43,5 кг бір ыдыс.

50

Тирмизи,. Әшрибә, 3; Әбу Дәууд, Әшрибә.

51

Бұл хадисті Бухари Ибн Мәсғұдтан жеткізген.

52

Муслим.