Previous Page  33 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 360 Next Page
Page Background

33

Халал мен харам

болып кейіннен тауға, жазыққа қашып жабайыға айналған

малды аулау мәселесіне келсек, бұл мәселеде ғалымдар

арасында екі түрлі көзқарас бар. Мәликилерден бөлек

басқа мәзһабтар бойынша мұндай үй жануарларын аулауға

болады.

Үшінші:

Ауланған аң бауыздалмай жатып өліп кететін

болса немесе басқа бір себептен өлетін болса оның еті

жеуге жарамайды. Жараланған соң суға құлап тұншығып

өлген не жардан құлап өлген аңның да еті харам. Ал сол

жаралы аң омақаса жерге құлап, не болмаса бір нәрсеге

соқтығып өлетін болса, бұл аң аулаудың нәтижесі бо-

лып саналады. Сондықтан аңшы атқан аңының соңынан

қуып таба алмай кейіннен өлідей табатын болса, мұндай

жағдайда сол аңның халал болуы үшін үш шарт бар.

1. Аңшы тапқан аңын өзінен басқа бір себеппен

өлмегеніне күмәні болмауы керек. Мысалы, жар-

дан құлап, не суға тұншыққандай.

2. Сол аңның өзге біреудің атпағанын не бөгде

біреудің тазысы ауламағанын анықтауы қажет.

3. Ауланған аң еті бұзылмаған және денсаулыққа

зияны болмауы тиіс. Егер еті сасып денсаулыққа

зияны тиетін болса, жеуге болмайды

44

.

Төртінші:

Ауланған аң жаралы күйде қолға түсірілсе

союға болады. Оны бауыздауға мүмкіндігі бола тұра бей-

жай қарап соймайтын болса, сөйтіп сол күйінде өлетін

болса онда оның етін жеуге болмайды.

Аңшылыққа үйретілген хайуан

Құранда:

44

Зуһайли. 3/60. Ихтияр.