Previous Page  34 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 360 Next Page
Page Background

34

Отбасы ғылымхалы

يَسْأَلُونَكَ مَاذَا أُحِلّ لَهُمْ قُلْ أُحِلّ لَكُمُ الطّيِّبَاتُ وَمَا عَلّمْتُمْ مِنَ

ِالْجَوَارِحِ مُكَلِّبِينَ تُعَلِّمُونَهُنّ مِمّا عَلّمَكُمُ اللُّ فَكُلُوا مِمّا أَمْسَكْنَ

عَلَيْكُمْ وَاذْكُرُوا اسْمَ اللِّ عَلَيْهِ وَاتّقُوا اللَّ إِنّ اللَّ سَرِيعُ الْحِسَاب

«Аллаһтың сендерге үйретіп аң аулайтын

хайуандарынның сендер үшін ұстағандарын жеңдер

және Аллаһтың атын айтып аңға қосыңдар»,

45

деп

айтылып аңшылыққа үйретілген хайуанмен аң аулауға

болатыны білдірілген. Олардың ерекшеліктері:

1. Үйретілген хайуан ретінде итті пайдалануға бола-

тыны туралы ғалымдар арасында ауызбірлік бар.

Сонымен қатар қабылан секілді жыртқыш аңдар да

бүркіт секілді жыртқыш құстарды да аңшылыққа

үйретуге болады.

2. Осы хайуандар аң аулауға үйретілген болуы қажет.

Мұның белгісі, мысалы, үйретілген құмай тазыны

аңға қосқанда, ұстаған аңын жемеуі және бүркітті

аңға салғанда сол қашқан аңға қарай ұшуы қайта

шақырғанда келуі арқылы болады.

3. Ғалымдардың көпшілігі үйретілген хайуан ұстаған

аңын жемеген күйі иесіне алып келуі қажет.

Егер ұстаған аңын жейтін болса, ол өзі үшін са-

налып аңның еті халал болмайды. Бір хадисте

Адий ибн Хатим:

«Пайғамбарым! Мен итімді

қосқанда, «Бисмиллаһ» деп айтайын ба?»,

де-

генде ол: «Егер итіңді жіберіп, «Бисмиллаһ»

деп айтып аңды ұстап оны өлтірсе, одан же.

Егер ұстаған аңнан ол жеген болса, жеуші бол-

ма. Өйткені, ол өзі үшін ұстағаны»,

деп жау-

ап берді. Және: «итімді қосқанда онымен бірге

45

«Маида» сүресі, 4 аят.