29
Халал мен харам
салған. Осындай жолдар арқылы малды азаптап соятын
болса және сол сояр алдында малдың денесі қимылдап
жаны шықпаса онда сол сойылған малдың етін жеуге
ешқандай кедергі жоқ.
Сондай-ақ ауыр соққымен ми жүйкелерін жойып
жіберу Мәликилер бойынша, етін жеуге болмайды.
Өйткені өлетін жерінен соққы алды. Бірақ оның әлі жан
шықпағанына көзі жетіп сол кезде бауыздайтын болса
етін жеуге болады. Сондай-ақ, Ханафилер бойынша, сол
кезде дереу малды тамырынан бауыздап жіберетін бол-
са, жеуге болады. Яғни қазіргі ғұламалар қасапханада әр
түрлі жолдар арқылы күшін азайтып яки есінен тандырған
соң дереу соютын болса, онда ол малды жеуге болатыны
туралы пәтуа берген
36
.
Тақуаның әңгімесі...
Тақуа кісілер қашан да Хақ Тағалаға деген сағынышын
Оның кәләм-сөзін оқып, көз жасымен басады. Әшәб ибн
Әбділәзіз Имам Мәлік туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан
уақытта сыртқа шықтым. Малик ибн Әнәстің үйінің жаны-
нан өтіп бара жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап
қалдым. «Фатиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресіне
көшті.
«Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден
сөзсіз сұраласыңдар»
аятына жеткен кезде кемсеңдеп, жылай
бастады. Әлгі аятты қайта-қайта қайталап жылай берді. Мен
баратын жеріме де бармай, оны тыңдап тұрдым. Осылайша
ол таң намазына дейін жылады. Таң шапақ атқанда ғана
рүкүғке барып, намазын бітірді. Мен де үйге барып, дәрет
алып, таң намазын оқу үшін мешітке келдім.
Әні міне дегенше күн шығып, айнала жарыққа бөленгенде
оның айналасына ілім алқасы жиналды. Мен жақындап ба-
рып жүзіне қарағанымда, жүзі нұр шашып тұрды. Сол кезде
36
Сонда; ИСАМ, Ғылымхал, 2/50.