26
Отбасы ғылымхалы
сияқты астарын жеуге болмайды. Олардың сойған мал-
дары Аллаһтың атымен сойғаны айқын болмаса да, яки
сол мал шіркеулері мен мейрамдарына қатысты шалынса
да мұсылмандардың жеуіне болады. Ибн Аббас:
«Яһудей
мен христиандардың сойған малдарының халал болуы
тек қана олардың Тәурат пен Інжілге сенгендері үшін»,
27
–
дейді.
Алайда олар малды әдейі «хазіреті Исаның атын
атап», яки Аллаһтан өзге басқа біреудің атымен шалатын
болса, мұндай малдың харам екендігін барлық ғұламалар
растайды
28
.
Мұсылман мал соярда «Бисмиллаһ» деп айтуы шарт.
Егер мал соярда әдейі Аллаһтың атын атамаса онда ол
малды жеуге болмайды. Ал егер мал сойған адам бір
жағдаймен «Бисмиллаһты» айтуды ұмытып кететін болса,
онда ол Аллаһтың атын айтқан болып есептеледі. Өйткені
Аллаһ елшісі:
«Үмбетім қателесу, ұмыту және зорлықпен
жасағандарынан жауапкер емес»,
29
–деген. Бұл көзқарас
Әбу Ханифа мен Имам Мәлікке тиесілі.
Ал ИмамШафиғи секілді бір топ ғұламалар мұсылман
адам малды әдейі біліп тұрып «Бисмиллаһты» айтпай сой-
са да оның сойған малы халал дейді. Өйткені мұсылман
адам әсте Аллаһ Тағалаға сенгендіктен сөзсіз малды соның
атымен шалады. Сондықтан Хақ Тағалаға сенген адамға
мал сойғанда айтатын «Бисмиллаһ» парыз да, шарт та
емес, тек сүннетке жатады. Ал сүннетті тәрк ету харамға
жатпайды. Олар дәлел ретінде Аллаһ елшісінің мұсылман
қашан да Аллаһ атымен соятынын, Аллаһ атын айтса да
27
Уәһби Зуһайл, а. а. е. 4/436.
28
Сонда.
29
Бухари, Худуд, 22; Әбу Дәууд, Худуд, 17.