32
Отбасы ғылымхалы
қосса Ханафи және Ханбали мәзһабына қарай халалға
жатады.
Үшінші:
Аңшы мылтығын атқанда не садағын
тартқанда не болмаса үйретілген тазысын қосарда
Аллаһтың атын айтуы қажет. Мұны мал соярдағы секілді
әдейі ұмытпауы қажет. Ал көптеген ғұламалар ұмытпай,
бірақ, айтпаса ешқандай әбестігі жоқтығын алға тартады.
Ол мұсылман болған соң, «Бисмиллаһ» айтқанмен тең.
Алайда Ханафи бойынша «Аллаһтың атын айтпаған мал-
ды жемеңдер» аятына жүгініп «Бисмиллаһты» айтпаған
адамның аңын жеуге болмайды. Бұл жерде көптеген
ғұламалардың және Шафиғи мәзһабының көзқарасымен
амал етіп, жеңілдіктен пайдалануға болады
43
.
Төртінші:
Аңшы садағын тартқанда, не құмай тазы-
сын қосқанда аңшы басқа бір іспен айналысып кетпеуі
қажет. Өйткені аңшы жаралаған аңға тезірек жетіп, ба-
уыздауы қажет. Алайда немқұрайдылық танытып кешігіп
барғанда аңы өліп қалатын болса, оның етін жеуге бол-
майды.
Бесінші:
Аң аулаған адамның сол кезде қажылық
үшін ихрамда болмауы қажет.
Ауланатын аңға қатысты шарттар
Бірінші:
Ауланған аң етінің халал болуы үшін еті
халал аңдар тобына жатуы тиіс. Ал етін жеуге болмайтын
аңдарға келсек, олардың терісі мен қылы және сүйектерін
пайдалану мақсатымен, не болмаса кесірінен сақтану үшін
аулауға болады.
Екінші:
Ауланатын аңның жаратылысынан жабайы
аңдар түріне жатуы тиіс. Алайда негізінде үй жануары
43
ИСАМ, Ғылымхал, 2/55.