Previous Page  27 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 360 Next Page
Page Background

27

Халал мен харам

айтпаса да сойған малының халал екендігін,

30

сойған

малдың «Бисмиллаһ» айтып сойғаны белгісіз болса, онда

«Бисмиллаһ» деп сол малдың етінен жеуге болатыны тура-

лы хадистерді

31

негізге алады. Бірақ Шафиғиларда малды

сойғанда «Бисмиллаһты» айтпау –мәкрүһке жатады.

Мал сойғанда ішінен шыққан төл тірі және дене

мүшелері толық болса, сойып жеуге болады. Алайда

мүшелері толық болмаса, жеуге болмайды. Ал төл ішінен

өлідей шығып, оның енесін соймай тұрып өлгені белгілі

болса, жеуге болмайды. Ал оның өлуі енесінің сойылуы-

мен байланысты болса онда жеуге болады. Бұған Аллаһ

елшісінің

«Енесінің сойылуы ішіндегі төлінің де сойылуы

деген сөз»,

32

деген хадис дәлел.

Мал союдың сүннеттері

1. Шафиғилар бойынша, «Бисмиллаһ» деп айту және

тәкбір айту. «Бисмиллаһи уаллаһу әкбәр».

2. Малды күндіз сою. Ханафилер бойынша, түнде мал

сою тәнзиһән мәкрүһке жатады.

«Ол түн ішінде

құрбан шалуғажәне егінжинауға тыйым салды»,

33

– деген хадисті дәлел етіп көрсетеді.

3. Малды құбылаға қаратып сою. Мал сою да ғибадат

амалға жатады. «Пайғамбармыз құрбан шалар-

да оны құбылаға қаратып:

«Уәжжәһту уәжһи»

деп басталатын («Әнғам» сүресінің) аяттарын

оқыды»

34

. Алайда ұмытып не әлде бір себеппен

30

Қараңыз; Зәйләи, Насбур-рая, 4/183.

31

Бухари, Тәухид, 13; Зәбәих, 21; Әбу Дәууд, Әдәхи, 13, 19.

32

Әбу Дәууд, Әдәһи, 18; Тирмизи, Әтиммә, 2.

33

Табәрани. Ибн Аббастан жеткізген.

34

Ибн Мәжә, Жәбирден жеткізген.