31
Халал мен харам
дейді»,
41
– деп айтады. Басқа бір хадисте де Хақ пайғамбар
кеудесінде жаны бар бір тіршілік иесін нысанаға алуға
тыйым салған
42
.
Мәликилер аң аулауды беске бөліп қарайды. Күнкөріс
үшін аң аулау – мүбаһ, бала-шағаның нәпақасын көбейту
мақсатымен аулайтын болса, мәндүп, қажеттілік үшін ау-
лайтын жағдайда – уәжіп, көңіл көтеріп серуендеп, тыныш-
тану мақсатымен болса, мәкрүһ ал ешқандай мақсатсыз
жәй ғана сейіл құрып, қызықтау үшін болса харам болмақ.
Өйткені тектен-текке жан-жануарларды азаптауға тыйым
салынған. Сондай-ақ ғұламалар спорт және соған ұқсас
мақсатпен аңға шығуға да дұрыс қараған. Бірақ шектен
шығып, мейірім сезімдерін өшіруді мәкрүһ көрген.
Аңшы және аулауға қатысты шарттар
Ауланған аң етінің халал болуы үшін аңшы мен
аулауға қатысты шарттарды бес бапқа бөліп айтуға бо-
лады.
Бірінші:
Аңшының мұсылмандық тұрғыдан аңды
соя алатын болуы керек. Сондықтан ер жеткен мұсылман
адамның аулаған аңы – халал.
Екінші:
Аңшының аңға ниет етуі, яки жүгірген аңға
қарай үйретілген жануарын қосуы қажет. Егер осы шарт
жүзеге аспаса, мысалы бір аңды тәжірибе мақсатымен
немесе мергендігін дәлелдеу үшін ататын болса не бол-
маса аңшылық иті өз бетімен аңға қосылып, оны өлтіретін
болса, мұндай аң халалға жатпайды. Бірақ әлгі тазысы өз
бетімен аңға қосылғанда аңшы дереу Аллаһтың атын атап
41
Нәйлул-әутәр. 8/155-156.
42
Бухари, Зәбәих, 25; Муслим, Саид, 58.