Previous Page  35 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 360 Next Page
Page Background

35

Халал мен харам

басқа бір итті көріп қаламын. Және әлгі аңды

қайсысы ұстағанын білмеймін?»,

деп сұрап едім.

Ол: «Онда жеуші болма. Өйткені сен өз итіңді

қосқан кезде «Бисмиллаһ» деп айттың, ал өзге ит

үшін айтпадың»,

деп жауап берді»

46

.

Ханафилер

жыртқыш құстарға байланысты мұндай шарттарды

алға тартпайды.

4. Ғұламалардың көпшілігі аңшылыққа үйретілген

хайуан аңын жаралап өлтіруі қажет. Егер буын-

дырып, не қатты соққымен өлтіретін болса, жеуге

болмайды. Шафиғилер бойынша егер аңшы хайуан

ұстаған аңының үстіне мініп салмағымен өлтіретін

болса жеуге болады.

5. Аңға хайуанды иесі қосуы қажет. Өздігінен

қосылып ұстайтын болса, жеуге болмайды.

6. Үйретілген хайуан мен үйретілмеген хайуан бірге

болмауы қажет. Бірнеше үйретілген хайуанның

ұстағанын жеудің ешбір әбестігі жоқ

47

.

Ішімдік және сусын түрлері

«Ішімдік» сөзі араб тілінде «хамр» және «мускир»

деп аталады. Араб тілінде бұл сөздер аз немесе көп іш-

кен кезде мас қылатын ішімдіктерге айтылады. Ислам

діні барлық мас қылатын ішімдіктерді харам етіп, ішуге

тыйым салған. Құранда:

يَا أَيّهَا الّذِينَ آَمَنُوا إِنّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالَْنْصَابُ وَالَْزْلَمُ

رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلّكُمْ تُفْلِحُونََ. إِنّمَا يُرِيدُ

46

Бухари, Зәбәих, 2; Муслим Сайд.

47

Зуһайли, 3/675.