Previous Page  40 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 360 Next Page
Page Background

40

Отбасы ғылымхалы

тын. Сол қылығынан жұрнақ та қалмапты. Күн ұзаққа

Қағбаның жанынан бір елі ажырамай, көп намаз оқып,

кейде ұзақ сағаттар бойы содан көзін алмай жылап оты-

ратын болды. Бір күні мен қонақ үйден келсем, тағы да

Қағбаның жанында қолын жайып дұға етіп, көз жа-

сын көл етіп отыр екен. Қасына жайлап барып отыр-

дым. Бір кезде ол маған қарап: «Бауырым! Осы Ислам

дінінде арақ-шараптың үкімі қандай?»,-деп сұрады.

Оның Қытайда үлкен арақ заводы бар болатын. Іштей

«Шындықты айтсам күмәданып жүре ме» деп ойлап,

«Енді, былай ғой» деп күмілжи жауап бере бастап едім ол

менің ойымды оқып қойғандай: «Күмілжімей шындықты

айт!» деді. Мен оған арақтың дінімізде харамдығын және

оның хикметін әңгімелеп айтып бердім. Сол мезетте ол

Қытайдағы інісіне телефон соғып: «Інім, арақ Ислам

дінінде харам екен. Сондықтан арақ заводын бүгіннен

бастап жауып таста!», деп бұйырды. Інісі: «Оны жаба-

тын болсақ біз тақырға отырамыз» дей беріп еді ағасы,

«Жап, деген соң жап! Барған соң өзім реттеймін» деп

сөзді қысқа қайырды. Ертеңіне ол мені тағы әңгімеге тар-

тып: «Бауырым! Ислам дінінде әйелдердің бет-әлпетін

бояудың үкімі қандай?»,-деп сұрады. Мен кешегі оқиғадан

соң не дерімді білмей тұр едім ол: «Қане, шындықты

айт!»,- деді. Мен Ислам дінінде харамдығын айтып бер-

дім. Ол тағы да інісіне телефон шалып: «Інім, сәндік

салондарының бәрін жап, Ислам дінінде ол да харам

екен»,- деп айтып салды. Телефонның арғы жағындағы

дауыс «Онсыз-да кешегіден соң жағдай қиындап тұр» дей

беріп еді, оның сөзін тиып тастап: «Уайымдама! Барған

соң өзім реттеймін» деді. Мен де оған: «Бәрін бұлай бір-

ден жауып тастап тақырға отыруға болмайды. Оның