Previous Page  42 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 360 Next Page
Page Background

42

Отбасы ғылымхалы

толықтыр. Сәждеде дәрет бұзылмайды»,- деп сыбыр-

лап едім ешбір өзгешелік болмады. Бір жігіт тамырын

ұстап көріп еді, өңі бұзылып кетті де: «Жүрегі көтере

алмапты» деді. Сөйтсек, сәждеде жатып қайтыс болған

екен. Біз оны моргке алып бардық. Одан ары не істерімізді

білмей тұр едік, бір кезде қаланың әкімшілігінен жоғары

лауазымды бір адам келе қалды. Үстінде ұзын аппақ

көйлек. Басына жапқан орамалы беліне жетеді. Ол:

«Сендер қытайсыңдар ма? Осында бүгін бір қытайдың

жаназасы келмеді ме?» деп сұрады. Біз аңтарылып мән-

жайды айттық. Сол кісінің көмегімен әлгі жігіттің жа-

наза намазын оқып, Пайғамбар мешітінің жанындағы

«Жаннатул-бақи» деген мазаратқа арулап жерледік. Әлгі

лауазымды кісі болған соң ба қайдам, халық көп жиналды.

Бәрі біткен соң әлгі лауазымды кісі бізге қарап: «Сендер

менің бұл ісіме түсінбей тұрған боларсыңдар. Ендеше

басынан айтайын. Бүгін түнде таңға таяу бір ғажайып

түс көрдім. Түсімде Пайғамбарымызды

(аләйһис-саләту уәс-

сәләм)

анық көрдім. Бұл менің алғашқы көруім. Ол маған

қарап: «Пәленше! Бүгін таңертең менің бір қытай ба-

уырым қайтыс болады. Сен соның басы қасында болып

жақсылап арулап жерле»,-деді. Ояна кетсем түсім екен.

Аң-таң болып айтқан жерге келсем расында солай екен»,-

деді. Ол бізді жібермей бірнеше күн қонақ етті. Осыдан

соң мен тоғыз жігітті ертіп, елге қайттым».

Міне, бұл болған оқиға. Ендеше, тойына арақ қойғыш

мұсылман бауырларымызға да осы әңгімені жеткізерсіз.

Ол өзіңіздің еншіңізде. Уәс-сәләм.

Алкогольсіз сыра және квасты ішуге бола ма?

Кейде адам баласы Аллаһ Тағаланың мыңдаған ха-

лал тағамы тұрғанда неге соның ішінен санаулы харамы-