Previous Page  38 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 360 Next Page
Page Background

38

Отбасы ғылымхалы

жағдайда ғана. Егер шипа болатыны күмәнді болса, онда

болмайды. Сондай-ақ Шафиғилар да ішімдік бір дәрінің

ішіне араласып кетпейтін болса және тек ішімдік болып

тұрса ғана харамдығын алға тартқан. Яғни басқа дәрі

болмаған жағдайда спирте еріп басқа нәрсеге айналған

дәріні пайдалануға болатынын айтады

53

.

Ішімдік қойылатын тойларға баруға бола ма?

Дастарханға арақ-шарап қойылған тойларға баруға

болмайды. Өйткені Пайғамбарымыз:

«Аллаһ Тағалаға

және ақырет күніне иман келтірген адам ішімдік

қойылған дастарханға әсте отырушы болмасын»

54

деп

қатаң айтқан.

Қазақ халқының «топырақты өлімнен, торқалы тойдан

қалма» дейтіні бар. Сондықтан қазақ халқының Совет-

тажалдың құрсауынан босанып, ақыл-есін жия бастағанына

жиырма жылдай болса да әлі де ішімдіктен толық арыла

қойған жоқ. Тіпті, құда-құдағи болып жарысып ішіп жараса

қалатын «өнерлері» де әлі күнге дейін біреулерге «өнеге»

болуда. Егер осындай қатып қалған түсініктегі ағайын-

туысыңыз тойына шақырып, сіз бармай қалсаңыз қатты

ренжитіні тағы бар. «Араласпасаң жат боларсың» деген

мәтел тағы бар. Сол себепті «мен тақуалыққа бет бұрған»

екенмін деп ағайыннан ат құйрығын үзісіп, туыс-бауырдан

жырақ жалғыз өмір сүре алмайсыз. Сіз білгеніңізді оларға

айтпасаңыз олар кімнен біле алсын?! Айтпай кетсеңіз күн

ертең ғарасат майданында «бізге неге естіртпедің?» деп

жағаңыздан алары тағы бар. Ислам дінінде ағайыннан

амандық сұрасып, қарым-қатынас жасаудың парыздығы

тағы бар.

53

Уәһбә Зуһаили, 4/334.

54

Тирмизи, Әдәб, 43; Әбу Дәууд, Әтиммә, 18.