Previous Page  41 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 360 Next Page
Page Background

41

Халал мен харам

жолдары былайша»,- дей беріп едім ол: «Бауырым! Сен

араласпа!», деп сөзімді тиып тастады.

Бірнеше күннен соң біз Мәдинаға жол тарттық. Біз

Мәдинаға жақындағанда ақшам уақыты болатын. Олар

қазіргі емес, бұдан он бес ғасыр бұрынғы Мәдина қаласына

келе жатқандай, аздан соң алдарынан Аллаһ елшісі

(аләйһис-

саләту уәс-сәләм)

шығып қарсы алатындай күйде еді. Сол кезде

менің есіме мына хадис оралды: Бір күні Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

: «Бауырларыма сәлем!» дейді. Сонда

сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз сенің бауырларың

емеспіз бе?» деп сұрайды. Ол

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

: «Сендер

менің сахабаларымсыңдар. Бауырларым кейін келеді» дей-

ді. Міне, дәл қазір сол бауырлары келе жатқандай еді.

Тіке Пайғамбарымыздың мешітінде намаз оқыған

соң түн ауа қонақ үйге қайттық. Бірақ әлгі жігіт қана

мешітте қалып қойды. Таңертең келгенімізде біз оның

әлі Пайғамбарымыздың «Менің қабірім мен мінберімінің

арасы жаннат бақтарының бірі» деп көрсетіп кеткен

жерде жасыл кілемнің үстінде намаз оқып отырғанын

көрдік. Түні бойы Пайғамбарымызбен бірге отырғандай

еді. Бір сәт ойға шомдым. «Мұсылманбыз» деп, көкірек

қағып жүрген біз кім, бұлар кім? Бұлар Қытайдан келген

жаңа мұсылмандар ма, әлде «Асхабул-Кәһф» үңгірінен

үш жүз жылдан соң оянып шыққан жігіттер ме, әлде

Пайғамбар заманынан келген жас ансарлықтар ма?..

Бір кезде қамат келтіріліп, намазға тұрдық. Алғашқы

сәждеге барып, қайта тұрғанымызда оның сәждеден

басын көтермегенін байқадым. Біз қиямға тұрғанымызда

ол сол басын көтермеген күйі жатты. Мен іштей: «түні

бойы көз ілмеді ғой, ұйықтап кеткен болар» деп топшы-

ладым. Намаздан соң сәждеде жатқан оны оятпақ болып

қозғап көріп едім оянбады. «Тұр, бауырым! Намазыңды